Файл №2 2
Тапсырма:
Берілген матрица бойынша мұғалімнің профессиограммасын жасау.
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі және мұғалімге қойылған квалификациялық талап.
Санаты |
Б Басты құзырлылық
Баст
|
Базалық құзырлылық |
Пәндік құзырлылық
(математика пәні негізінде) |
Квалификациясы санатсыз жоғары деңгейде маман |
Коммуникативтік құзыреттілік– адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білу, өмірдегі нақты жағдайлар бойынша шешім қабылдай алу, мемлекеттік тіл қазақ тілін және халықаралық тіл ағылшын тілін меңгеру.
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік- ақпаратты ақпарат құралдары арқылы алып, қолдана білу, талдай білу, өз бетінше қолдана білу. Қандай да болсын мәселе бойынша өз көзқарасы бар, білімді және сол білімін пайдалана алатын, жан-жақты қабілеті жоғары болу керек. |
Өз саласының мазмұны бойынша талдау жасай алатын, сала немесе пән арасында байланыс орната ала алатын, оқушының психилогиялық, тұлғалық және жас ерекшеліктерін тани алатын өз саласы бойынша талаптарға сай маман .
Өз білімін пайдалала отырып, оқушының өмірдегі өз орнын табуға дағдыландыру |
Математика пәні бойынша оқу бағдарламасын білу, пәнге қатысты толық және жан-жақты білімі болу.
Өз пәнін толық меңгерген білімді маман. |
Квалификациясы
2 санатты жоғары деңгейде маман |
Оқу-танымдылық құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық әрекетін қамтамасыз ететін кешенді құзырылық.
Коммуникативтік құзыреттілік– адамдармен өзара қарым-қатынас жасай білу, өмірдегі нақты жағдайлар бойынша шешім қабылдай алу, мемлекеттік тіл қазақ тілін және халықаралық тіл ағылшын тілін меңгеру.
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік- ақпаратты ақпарат құралдары арқылы алып, қолдана білу, талдай білу, өз бетінше қолдана білу.
Қандай да болсын мәселе бойынша өз көзқарасы бар, білімді және сол білімін пайдалана алатын, дамыған бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеу. |
Өз саласы немесе пәні бойынша әдістемелік және әдіснамалық өзгерістер енгізе алатын, қандай да бір ғылым саласының дамуына өз үлесі мен көзқарасын қоса алатын, диагностика мен талдау жасап, ерекшеліктерін тани алатын маман.
Өз білімі мен білік дағдысын пайдалана отырып, алған білімі арқылы оқушының есею және оны өмірде қолдана білу. |
Пәнге қатысты толық білімімен қоса дағдысы қалыптасқан маман.
Өз мамандығы бойынша оқу орнын үздік бітірген, пәнін толық меңгерген және технологияны пайдалана алатын маман. |
Квалификациясы
1 санатты жоғары деңгейде маман |
Құндылықты бағдарлы құзырылық – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдау қабілеті, өмірдегі өзінің рөлін таба білу, азаматтылығы мен елжендылығы, өмірде түрлі шешім қабылдауда қолдана білу.
Жалпылық және әтномәдениеттік құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктерін, этномәдениеттік құбылыстарды ұлттық ерекшеліктер үшін қолдана білу.
Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі – бұл әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басының және қоғамның мүддесіне сәйкес ықпал ете білу.
Қандай да болсын мәселе бойынша өз көзқарасы бар, білімді және сол білімін пайдалана алатын, дамыған бәсекеге қабілетті, өз көзқарасын толық қорғай алатын оқушы тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс жасай алатын, оқушыда зерттеушілік қабілет негіздерін танып, дамыта алатын, өз жұмысында өз тәжірибесін пайдалана алтын маман.
Өз білімін, кәсіби шеберлігі мен білік дағдысын пайдалана отырып оқушының есеюі, конструктивті ролін атқаруға дайындығы, алған білімін өмірде пайдалана алуы. |
Шығармашылық деңгейде пәннің мазмұнына деген көзқарасы қалыптасқан маман.
Өз пәнін толық білетін, шеберлігін арттырып танытқан, тәжірибесі пысықталған, жоғарғы біліктілікті игерген, оқушының дамуына көмекші бола алатын маман. |
Квалификациясы жоғары санатты жоғары деңгейде маман |
Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзыреттілік – отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағыбелсенді азаматтық-қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуы. Әлеуметтік-саяси, қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай білу.
Құндылықты бағдарлы құзырылық – оқушының қоршаған ортаны бірдей қабылдау қабілеті, өмірдегі өзінің рөлін таба білу, азаматтылығы мен елжендылығы, өмірде түрлі шешім қабылдауда қолдана білу.
Жалпылық және әтномәдениеттік құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктерін, этномәдениеттік құбылыстарды ұлттық ерекшеліктер үшін қолдана білу.
Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі – бұл әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басының және қоғамның мүддесіне сәйкес ықпал ете білу.
Қандай да болсын жағдайлардан шыға алатын, өз потенциалды мүмкіндіктерін толық пайдалана алатын оқушы тәрбиелеу. |
Әдістемелік жүйеге талдау жасай алатын, оқу бағдарламасының мазмұнына пәнаралық байланыс құра алатын, тәжірибе жасай алатын, педагогикалық технологияларды иемдене алатын маман.
Өз біліктілігін, өмірлік тәжірибесі мен көзқарасын пайдалана отырып, оқушыны бүкіл өмір бойы өз білімін дамытып, жетілдіріп отыруға дағдыландыру. |
Шығармашылық дамыған, интеллектуалды тұлға тәрбиелей алатын, пән бойынша өзінің ұсыныстарын жасай алатын, салыстыру және талдау жасай алатын маман.
Өз пәнін толық білетін, кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде танылған, жұмыс тәжірибесінің жоғарғы деңгейдегі нәтижелері бар, көзқарасы жан-жақты дамыған, оқушыларда жаңа ой, көзқарас тудыра алатын жоғарғы деңгейдегі маман. |
|