ҰБТ-2009, нұсқаулық-21
16/05/2009, 15:59

51. Сертификаттарды дайындау

 

225. Апелляция аяқталғаннан кейін программист сертификаттар файлын құрып, ҰБТ ӨП-тің инженеріне береді.

    226. Сертификаттарды басып шығару үшін екінші компьютерге орнатылатын «Сертификат»  деп аталатын АЖО қарастырылған. «Сертификат» АЖО-да сертификаттардың баспаханалық нөмірін автоматты түрде енгізетін арнаулы интерфейс қарастырылған.

227. ҰБТ ӨП –тің инженері:

  1) сертификаттардың баспаханалық нөмірлерін деректер базасына   енгізеді және сертификаттарды басып шығарады;

    2)  алынып тасталсын.

              3) сертификаттарды тарату тізілімін (Е-24-нысан) басып шығарады.

          228. Дайын болған сертификаттарға мемлекеттік комиссияның төрағасы мен Министрлік өкілі қол қойып, базасында ҰБТ ӨП орналасқан ЖОО-ның немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мөрі басылады.

          229. Сертификаттар мен сертификаттарды тарату тізіліміндегі мәліметтерді емтихан ведомосымен салыстырғаннан кейін, өкіл тізілімнің әрбір парағына қол қояды.

           230. Содан соң өкіл дайын болған сертификаттар мен сертификаттарды беру тізілімін ҰБТ ӨП жетекшісіне береді.

           231. Тестілеу аяқталған соң мектептің техникалық хатшысы ҰБТ ӨП жетекшісінен ҰБТ-ның қорытындысы бойынша емтихан ведомосын                              (өз мектебінің), сертификаттарды және сертификаттарды беру тізілімін алады.

           232. Бітірушілерге сертификаттар мектепте беріледі және сертификаттарды тарату тізіліміне бітірушілер өз қолдарын қояды.

           233. Сертификаттарды беру аяқталғаннан соң, сертификаттарды тарату тізілімі ҰБТ ӨП жетекшісіне тапсырылады.

            234. Программист нөмірлері қойылған сертификаттар файлын ҰБТ ӨП инженерінен қабылдап алып, оны телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді.

   235. Сертификаттар бітірушілерге тестілеу аяқталғаннан соң үш күннен кейін беріледі, яғни 1-күні – емтихан, 2-күні – апелляция, 3-күні -  сертификаттарды даярлау және мөр қою, 4-күні – сертификаттарды тарату.

 

 

52. Тестілеу қорытындысы бойынша статистика

 

   236. Тестілеу кезеңінде программист статистикалық деректерді күн сайын телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіп отырады.

 

 

53. Атқарылған жұмыстар туралы есеп

 

   237. Барлық жұмыстарды аяқтағаннан кейін Министрлік өкілі мен программист ҰТО-ға атқарған жұмыстары туралы берілген үлгіде жазбаша есеп береді.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1145 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: