ҰБТ-2009, нұсқаулық-20
16/05/2009, 15:58

47. Техникалық себептер бойынша шешім қабылдау

 

212. Техникалық себептер бойынша апелляция мынадай жағдайларда қарастырылады:

1)                дұрыс жауаптар кодымен дәл келген бір дөңгелекше боялған, ал сканер екі боялған дөңгелекше ретінде оқыған;

2)                дұрыс жауаптар кодымен дәл келген бір дөңгелекше боялған, ал сканер оны оқымаған.

213. Бұл жағдайда апелляция жергілікті жерде қарастырылады. Апелляция комиссиясының төрағасы балл қосылған бітірушінің сұрақ кітапшасын ҰТО-ға алып келуі керек.

 

 

48. Апелляциялық комиссияның шешімдерін енгізу

 

214. Апелляциялық комиссия өз шешімін сол апелляция берген өтініш парағында белгілейді (Е-29, Е-30 нысан).

215. Шешімді ДБ-ға енгізу міндетті түрде апелляциялық комиссия төрағасының қатысуымен орындалады.

216. Барлық өтініштер бойынша шешім қабылданғаннан кейін апелляция комиссиясының төрағасы программиске алдыңғы лекті жабуға тапсырма береді.

217. Қарастырып отырған лектің апелляциясын тек берілген өтініштер тізілімінің әр жолының «Апелляция жағдайы» бағанына:

1) келмеді (бітіруші апелляцияға келмесе);

2) жойылды (өтініш жойылса);

3) шешім қабылданды (апелляция қаралса және шешім қабылданса)

сөздерінің  бірі жазылса ғана жабуға болады.

 

 

49. Апелляциялық комиссиясының хаттамасын басып шығару

 

218. Апелляция жабылғаннан кейін программист  екі данамен:

1) апелляцияға берілген өтініштер тізілімінің соңғы нұсқасын;

2) апелляция комиссиясы отырысының хаттамасын;

3) ҰБТ-ы қорытындысының  емтихан ведомосын (апелляцияны есепке алғандағы) басып шығарады.

219. Бір даналары қол қойылып Министрлік өкіліне беріледі, екіншілері ҰБТӨП-тің іс-қағаздарына тіркеледі.

220. Хаттамаға аппеляциялық комиссия төрағасы мен мүшелері, мемлекеттік комиссия төрағасы, сондай-ақ Министрлік өкілі қолдарын қояды.

 

 

50.  Апелляциялық комиссия жұмысының аяқталуы

 

221. Апелляциялық комиссияның төрағасы жұмыс аяқталғаннан кейін акты бойынша Министрлік өкіліне: жауап парақтарының түпнұсқаларын, сұрақ кітапшаларын береді.

222. Министрлік өкілі жауап парақтарының түпнұсқаларын олардың өзіндегі көшірмелерімен салыстырады және түпнұсқаларды тиісті конверттерге салады;

223. Апелляция кезеңі аяқталғаннан кейін, апелляциялық комиссиясының төрағасы есеп дайындайды және оған:

1)     апелляцияға берілген өтініштерді тіркеу парағы (Е-19, Е-31 нысан);

2)     апелляцияға өтініштер (Е-29, Е-30);

3)     апелляция бойынша балл қосылған бітірушілердің сұрақ кітапшалары;

4)     апелляцияға қатысқан бітірушілердің жауап парақтарының көшірмесі;

5)     бітірушілердің жауаптарын талдау карталары;

6)     апелляцияға берілген өтініштердің тізілімі (соңғы нұсқасы);

7)     әрбір лек бойынша апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы;

8)                апелляцияны есепке алғандағы ҰБТ қорытындысының емтихан ведомостарын қосымша тіркеуі керек.

224. Апелляциялық комиссияның есебі мынадай нысандағы комиссия мүшелерінің жеке есептерінен тұрады:

 

Пән бойынша апелляция есебі ____________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты _______________________________  Лек № ____

 

Нұсқа №

Тапсырма №

Балл тағайындауға негіздеме

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Тек қана балл қосылған тест тапсырмалары ғана көрсетілуі керек. Жауап парағында ақау болған жағдайда «Балл тағайындауға негіздеме» бағанына: «Фрагмент жетіспейді», «Парақтың ақауы бар», «Нашар боялған» жазуларының біреуі енгізіледі

Қолы                                                  ____________________  

Комиссия төрағасының қолы           __________________

 

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 937 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: