ҰБТ-2009, нұсқаулық-17
16/05/2009, 15:53

35. Жауап парақтарын қарап сәйкестендіру

 

168. Сәйкестендірудің мәні тестілеу нәтижелерін өңдеу үшін бітірушілер туралы барлық қажетті деректерді анықтау болып табылады. Ол үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасында:

1)                жоғарғы кестеден әрбір бітіруші үшін оған тиісті жауап парақтарын қарап белгілейді;

2)                төменгі кестеден әрбір жауап парақтары үшін бітірушіге тиісті деректерді қарап белгілейді.

169. Осы аудиториялар бойынша жауап парақтары мен сұрақ кітапшаларының арасынан сәйкестендірілмеген жауап парақтары мен оларға сәйкес сұрақ кітапшаларын іріктеп алу керек.

170.  Әрбір жауап парағын оған тиісті сұрақтар кітапшасының ішіне салып және сұрақ кітапшасының мұқабасына осы жауап парағының нөмірін жазып қою керек.

          171. Жауап парағы – сұрақ кітапшасы және толтырылмаған жауап парақтары төменгі кестеде келтірілген тәртіп бойынша салынуы қажет.

 172. Жоғарғы кестедегі сәйкестікті белгілеу. Жоғарғы кестенің әрбір жолдары үшін бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты бойынша оған тиісті жауап парағын табу керек. Содан соң «жауап парағының №» деген  бағанға оның нөмірі жазылады.

173. Төменгі кестемен жұмыс. Бітіруші жауап парағын толтыру кезінде қате жіберілген секторлар қою сызықпен қоршалған:

1)                тегін, атын, әкесінің атын сәйкестендіру үшін төменгі кестенің өңделетін жолында көрсетілген жауап парағын алып, ондағы бітірушінің қолымен жазылған тегін, атын, әкесінің атын «жауап парағындағы тегі, аты, әкесінің аты» бағанына түсіру керек;

2)                ТЖК коды мен орын нөмірін сәйкестендіру. Отырғызу парағын алып, ондағы осы бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты мен оған тиісті ТЖК кодын тауып, «ТЖК дұрыс коды» бағанына және сұрақтар кітапшасынан оның орнының нөмірін анықтап «Дұрыс орнының №» бағанына жазу керек.

3)                нұсқаны сәйкестендіру. Бітірушінің сұрақтар кітапшасын алып, ондағы нұсқаны «сұрақтар кітапшасындағы нұсқа №» деген бағанына түсіру керек.

4)                таңдауы бойынша пәнді сәйкестендіру. Бітірушінің сұрақтар кітапшасын алып, ондағы таңдауы бойынша көрсеткен пәннің атын «сұрақтар кітапшасындағы таңдауы бойынша пән» деген бағанға жазу керек.

174. Осы қателіктер түзетілгеннен кейін «Шешім» бағанына Түзетілсін деп жазылуы керек.

175. Егер аудиторияға қосымша бітіруші отырғызылса, жүйе оның тегін, атын, әкесінің атын осы аудитория үшін бөлінген бітірушілердің тізімінен табалмайды. Сондықтан бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты жоғарғы кестеде жоқ болғандығына қарамастан, оның жауап парағы төменгі кестеде белгіленеді. Отырғызу парағы тексеріліп, бұл бітіруші қосымша отырғызылған ретінде белгіленеді де, «Шешім» деген бағанына Қосымша отырғызылған деп жазылуы керек.

176. Егер берілген аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде жоқ жауап парағы анықталса, бұл бітірушінің жұмысы бағаланбайды және оның нәтижесі емтихан ведомосында көрсетілмейді. Бұл туралы ҚР ҰҚК-нің өкіліне хабарланып, «Шешім» деген бағанына Бөтен жауап парағы деп жазылады.

177. Толтырылған сәйкестендіру хаттамалары деректер базасына енгізілу үшін программиске беріледі.

178. алынып тасталсын.

 

 

36. Дұрыс жауаптар кодын ашу және емтихан ведомостарын беру

 

179. Министрлік өкілі лектің жауап парақтарын сәйкестендіру процесі аяқталғаннан кейін, ҰТО-ға хабарлайды.

180. ҰТО Министрлік өкіліне парольді хабарлап, дұрыс жауаптар кодының файлын телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТ ӨП-ке жібереді.

          181. Дұрыс жауаптардың кодын ашу жауап парақтары сәйкестендірілгеннен кейін мемлекеттік комиссияның төрағасы және ҚР ҰҚК-нің өкілімен бірлесіп үш пароль арқылы ашылады: мемлекеттік комиссия төрағасының паролі, ҚР ҰҚК өкілінің паролі және Министрлік өкілінің паролі (ҰТО-дан алынады);

182. Дұрыс жауаптардың коды (Е-17 нысан) екі дана болып басылып, біреуі көпшіліктің назары үшін ілінеді, ал екіншісі апелляциялық комиссияға беріледі.

          183. Жұмыстарды бағалау жүргізіледі және апелляцияны есепке алмағандағы төрт дана емтихан ведомосы басып шығарылады:

1)  бірінші данасы көпшіліктің назары үшін ілінеді;

2)  екіншісі – Министрлік өкілі үшін;

3)  үшіншісі – апелляция төрағасы үшін;

4)  төртіншісі – ҰБТӨП-те қалады.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1151 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: