ҰБТ-2009, нұсқаулық-16
16/05/2009, 15:51

33. Тестілеу аяқталған соң емтихан материалдарын                              қабылдау және тапсыру

 

          157. Емтихан материалдары: жауап парағы, сұрақтар кітапшасы әр бітірушіден жеке-жеке қабылданады. Бітіруші оларды кезекшіге жауап беруді аяқтаған соң немесе тестілеу уақыты біткеннен кейін тапсырады.

          158. Кезекші бітірушінің жауап парағындағы барлық қажетті секторларын және сұрақ-кітапшасы мұқабасының толық толтырылуын тексереді.

          159. Кезекші емтихан материалдарын конвертке және қорапқа салады. Тәуелсіз бақылаушылармен бірге кезекші мемлекеттік комиссия отырған бөлмеге жеткізеді.

          160. Кезекші №5 акты бойынша Министрлік өкіліне: жауап парақтары (пайдаланылған және пайдаланылмаған), отырғызу парағы, емтихан материалдарын ашу актісі, сұрақтар кітапшалары (пайдаланылған) салынған қорапты және рұқсаттама түбіртегі тігілген папканы тапсырады.

 

 

34. Тестілеу нәтижелерін өңдеу

 

161. Бітірушілердің жауап парақтарын сканерлеумынадай тәртіппен жүргізіледі:

1)                Министрлік өкілі жауап парақтары салынған конверттерді сканерлеу үшін Министрлік программисіне береді. Конвертте: толтырылған және толтырылмаған жауап парақтары болуы қажет. Толтырылған және толтырылмаған жауап парақтардың барлығы да сканерленеді. Жауап парақтары әрбір аудитория бойынша екі реттен сканерленеді.

          Ескерту: Тестілеу уақытында аудиториядан тәртіп бұзушылығына байланысты шығарылған бітірушінің жауап парағы сканерленбейді.

2)                 Министрлік программисі сканерлеуді аяқтағаннан кейін, жауап парақтарын конвертке салынады. Кезекті аудиторияның жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін, жауап парағын сәйкестендіру хаттамасы                         (К-16 нысаны) беріледі.

3)                 Министрлік өкілі мен мемлекеттік комиссия парақтарды сәйкестендіруге кіріседі, ал программист келесі аудиторияның жауап парақтарын сканерлейді.

162. Жауап парағы автоматты сәйкестендірілген болып табылады, егер:

          1) ол осы аудиторияға бөлінген жауап парақтарының тізімінде болса;

          2) ондағы ТЖК коды өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;

          3) ондағы орын нөмірі отырғызу парағындағы орын нөмірімен сәйкес келсе;

4)  алынып тасталсын.

163. Басқа жағдайда, жауап парағын сәйкестендіру үшін жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасына түседі.

164. Жауап парағы визуалды сәйкестендірілген болып табылады, егер:

1)  ол осы аудиторияға бөлінген жауап парағының тізімінде болса;

2)                ондағы ТЖК коды өтініш бланкісіндегі ТЖК-мен сәйкес келсе;

3)                комиссия нақты орыннын, нұсқаның нөмірін және таңдауы бойынша пәнді көрсетсе.

165. Басқа кез-келген жағдайда, жауап парағы тағы да сәйкестендіру хаттамасына  түседі.

166. Комиссия жұмысының негізгі уақыты отырғызу орны мен нұсқалардың нөмірлерін түзетуге кетеді, сондықтан аудиториялар бойынша кезекшілердің бітірушілерді тиісті орындарына отырғызып және сұрақ кітапшаларын дұрыс таратуы өте маңызды.

167. Жауап парақтарын сәйкестендіру үшін:

1)  отырғызу парағы;

2)   алынып тасталсын.

3)  бітірушілер жауап парағы;

4)  бітірушілер сұрақтар кітапшасы;

5)  жауап парақтарын сәйкестендіру хаттамасы қажет.

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1408 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: