10/05/2009, 13:19 | |
4. ҰБТ-ны өткізу тәртібі 33. ҰБТ тізбесі Министрдің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін пункттердің (бұдан әрі – ҰБТ ӨП) базасында өткізіледі. 34. ҰБТ-ны өткізу үшін әрбір ҰБТ ӨП-те мемлекеттік комиссия (бұдан әрі–МК) құрылады. МК өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, осы Ережені және басқа да білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. 35. МК-нің құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармасының бастығы (бұдан әрі – білім басқармасының бастығы), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттердің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық, оның ішінде жастар және студенттік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, білім департаменттерінің білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны тақ болуы: 5 адамнан кем емес және 11 адамнан аспауы қажет. 36. МК-нің төрағасы болып оның базасында ҰБТ ӨП құрылған білім беру ұйымының басшысы (ректор, білім басқармасының бастығы, аудандық (қалалық) білім бөлімінің меңгерушілері) немесе әкімдік өкілі тағайындалады. МК құрамы жоғары оқу орындарының және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының ұсынысы бойынша Министрдің бұйрығымен ҰБТ-ны өткізу кезеңіне бекітіледі. 37. МК: 1) бітіруші тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтерді пайдаланған, сондай-ақ осы ереженің 46.; 47.; 48. тармақтарында көрсетілген ҰБТ кезінде бітірушінің өзін-өзі ұстау ережесін бұзған жағдайда ҰБТ нәтижелерін жою және оларды аудиториядан шығару жөнінде шешім қабылдайды; 2) ҰБТ аяқталғаннан кейін дұрыс жауап кодтарын іледі және тестілеудің нәтижесін хабарлайды; 3) МК-ның шешімі отырысқа қатысып отырған МК мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшы қол қоятын отырыс хаттамасымен толтырылады. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. 4) ҰБТ-ы мәселелері бойынша жұртшылық арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 38. ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі. Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде мұндай бітірушілерге арнайы немесе шығармашылық емтихандар белгіленеді, олар өздері таңдаған орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларымен өткізіледі. 39. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі. 40. Тестілеу ҰБТ ӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі. 41. ҰБТ-ы Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек. 42. ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады. 43. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны – 25. 44. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыру: 1) қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда; 2. оң бағаны арттыру мақсатында рұқсат берілмейді. 45. ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Балдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілеген 1-қосымшадағы шкалаға сәйкес МК жүргізеді. 46. Бітіруші өзін тәртіпті ұстауы және Министрдің 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 193 бұйрығымен бекітілген ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі–Нұсқаулық) белгіленген барлық нормаларды қатаң ұстануы керек. 47. Бітірушіге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, ұтқыр байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді. 48. Бітіруші осы Ереженің 46.,47. тармақтарын бұзған жағдайда Министрлік өкілі Нұсқаулыққа сәйкес үстінен түсу және алып қою актісін жасайды. МК шешімімен бітіруші аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады. 49. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТ ӨП-де апелляциялық комиссия құрылады. 50. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі. 51. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстардың негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды. 52. Республикалық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде бітірушінің жауап бланкісін, ҰБТ технологиясының сақталуы туралы мәліметтер сұрауға және алуға құқылы. 53. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді. 54. Апелляциялық комиссияның төрағасы Министрдің бұйрығымен, ал оның құрамын – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары бекітеді. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері кірмеуі керек. 55. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, бітірушіге балдар қосу туралы республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оған апелляцияның қорытындылары туралы оны хабардар етеді. 56. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13. 00-ге дейін қабылданады және Нұсқаулыққа сәйкес апелляциялық комиссия тәулік бойы қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жіберу рұқсаттамасы болуы керек. 57. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, ол жоқ болған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады. 58. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болуға құқығы бар. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді. 59. Республикалық апелляциялық комиссияның және апелляциялық комиссиялар отырыстарының хаттамалары жыл бойы ҰТО-да сақталады. 60. ҰБТ-ны өткізу технологиясының сақталуын бақылауды ҰБТ ӨП-ке жіберілген Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады. 61. ҰБТ-ны тапсырған бітірушілерге: ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі – сертификат); жалпы орта білім туралы аттестат (бұдан әрі – аттестат) беріледі. Сертификат нысанын Министрлік бекітеді. Сертификаттың қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін. 62. Сертификатты МК толтырады және ҰБТ-ны тапсырған күннен кейін үш күн ішінде ҰБТ ӨП-те беріледі. Сертификатқа ҰБТ шеңберінде әр пәннен жинаған балл қойылады. Сертификат МК төрағасының, Министрлік өкілінің қолымен расталады және базасында ҰБТ ӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергілікті білім беруді басқару ұйымдарының мөрі басылады. 63. Аттестат ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдарымен беріледі. Аттестатқа ҰБТ-ы шеңберінде МК шешіміне сәйкес жалпы білім беру пәндері бойынша ҰБТ-да алған бағасы қойылады. | |
| |
Просмотров: 954 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |