10/05/2009, 13:40 | ||||||||||||||||||||||
18. «Бітіруші» ДБ-ны қалыптастыру
89. «Бітіруші» ДБ қалыптастыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) ҰТО әзірлеген «Бітіруші» АЖО ҰБТ ӨП-те орнатылады және ҰБТ ӨП спецификасы бойынша күйге келтіріледі; 2) мектеп әкімшілігі мектептің техникалық хатшысын тағайындайды; 3) ҰБТ ӨП жетекшісі техникалық хатшыны ҰБТ-ның технологиясы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі бойынша оқытады; 4) ҰБТ ӨП жетекшісі техникалық хатшыға ҰБТ-ның нормативтік, нұсқамалық және анықтамалық құжаттарды, өтініш бланкілерін және өтініштерді тіркеу журналын (бітірушілердің санына қарай) береді; 5) мектепте өтініш бланкілерін толтыру және бітірушілерді тіркеу журналына тіркеу жүргізіледі; 6) толтырылған өтініш бланкілерін және бітірушілерді тіркеу журналын техникалық хатшы ҰБТ ӨП-ке жеткізеді; 7) бітірушілер туралы деректерді «Бітіруші» ДБ-ға енгізу мақсатында өтініш бланкілері ҰБТ ӨП-те арнайы оптикалық маркерлік сканерде (бұдан әрі - сканер) оқылады. Техникалық хатшының қатысуымен өтініш бланкілерін қатаң түрде мектептер бойынша сканерден өткізу қажет. 8) мектептер бойынша өтініш бланкілерін сканерлеуді аяқтағаннан кейін, өтініш бланкілерін сканерлеу есебі (Е-06 нысан) және бітірушілерді тіркеу туралы анықтама (Е-4-01 нысан) беріледі. Анықтаманы бітірушілерге беру мектепте жүзеге асырылады. 9) ережеде белгіленген мерзімде ҰБТ ӨП-те техникалық хатшымен бірге ДБ-ны және тіркеу журналын жабу жүргізіледі; 10) ДБ жабылғаннан кейін бітірушілердің саны жөнінде мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберіледі; 11) ҰТО-да аудиториялық қорға талдау жасалып, бітірушілерді бөлу үшін аудиториялар ашылады; 12) ҰБТ ӨП-ке аудиторияны ашуға арналған файл жіберіледі. Осы жіберілген файлдың көмегімен пункттерде бітірушілерді аудиторияларға бөлу автоматты түрде жүргізіледі; 13) бітірушілерді аудиторияларға бөлу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегі беріледі. Мектепте рұқсаттама және рұқсаттама түбіртегін ресімдеу (сурет желімдеу және мектеп мөрін басу) жұмысы жүргізіледі; 14) бітірушілерге рұқсаттаманы тарату мектептерде іске асырылады, ал дайындалған түбіртектер ҰБТ ӨП жетекшісіне беріледі; 15) лектер бөлініснде аудиторияларға бөлінген бітірушілердің жалпы саны туралы мәліметтер телекоммуникациялық желі бойынша ҰТО-ға жіберіледі. 19. Өтініштерді қабылдау және тіркеу | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
Просмотров: 1352 | Загрузок: 1 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |