22:25
Жады-нама

МИҒА ПАЙДАЛЫ ӨНІМДЕР

Жеміс-жидектер

Жақсы піскен банан денсаулыққа пайдалы әрі көңіл-күйді көтереді. Өйткені құрамындағы А витамині көруге, Е витамині мен калий жүрек қантамырларына пайдалы. Қаражидекте антиоксиданттар мен марганец бар, олар да көзге пайдалы. Қара қарақаттағы С витамині иммунитетті көтереді.

 

Ащы шоколад

Оның құрамындағы теобромин мидағы қантамырдың құрысуынан сақтап, көңіл-күйді көтереді.

 

Су және көк шай

Жай қара судың өзінде болатын магний мен калий мидың жұмысын жақсартады. Ал көк шай тіптен пайдалы.

 

Авокадо  

Май қышқылдары және калий жүрек ауруларынан сақтайды және қан айналымын жақсартады.

 

Жұмыртқа

Оның құрамында В12, В4 витаминдері бар. Олар жадыны жақсартып, Альцгеймер ауруының алдын алады. Күніне бір дана жұмыртқа жеу жеткілікті.

 

Оқу, жаттау кезінде жоғарыда айтылған өнімдерді тұтынуды ұмытпа. Оған таза ауада жасайтын физикалық жаттығуды қос. Сонда оқыған ақпаратың есіңде жақсы сақталады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 41 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: