11:35
Жады-нама

ОЙША ЕСЕПТЕУ ЖОЛДАРЫ

Назарыңды бұзбай, есепте ұстай аласың ба?

Жаттығу барысында төменде берілген кеңестерді қолдан.

Бір саннан 9-ды алу үшін, алдымен сол саннан 10-ды алу керек. Шыққан санға +1 қосамыз. 73-9. 73-10=63. 63+1=64. Дәл осы тәсілмен 7 және 8 сандарын шегеру керек. 41-8. 41-10=31. 31+2=33.

Жүздіктерді бір-біріне қосу үшін жүздікті бөлек, ондықты бөлек, бірлікті бөлек қоссаң, есеп тез шығады. Мысалы, 624+143. 647=600+20+4. 143=100+40+3. 624+143=(600+100)+(20+40)+(4+3) =700+60+7=767.

Санды 9-ға көбейту үшін алдымен оны 10-ға көбейту керек. Сосын шыққан мәннен алғашқы санды азайтамыз. Мысалы, 67*9=67*10-67=603.

Санды 5-ке көбейту үшін оны 2-ге бөліп, 10-ға көбейт. Мысалы, 44*5=44:2*10=220.

Санды 25-ке көбейту үшін оны 4-ке бөліп, 100-ге көбейт. Мысалы, 44*25=44:4*100=1100.

Санды 4-ке немесе 8-ге көбейту не бөлу үшін, оны бірнеше рет 2-ге көбейту немесе сәйкесінше бөлу керек. Мысалы, 44*8=88*4=176*2=352.

Екі таңбалы санды 11-ге көбейту үшін екі таңбалы санның қосындысын осы екі саның арасына қоямыз. Мысалы, 53*11=5(5+3)3=583. Егер екі санның қосындысы 10-нан асып кетсе, ондықты бірінші санға қосамыз. Мысалы, 78*11=7(7+8)8=7(15)8=7+1(5)8=858.

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілі: 82*7. Алдымен 8-ді 7-ге көбейтіп, артына 0 тіркейміз, өйткені ол ондық сан: 560. Енді бірлік сандарды көбейтеміз: 2*7=14. 560+14=574. Дәл осылай үш таңбалы сандарды көбейтуге болады. 123*4=400+80+12=492.

20-ға дейінгі екі таңбалы сандарды бір-біріне көбейту тәсілі: 14*17. Бірінші санға екінші санның бірлігін қосамыз және нәтижені 10-ға көбейтеміз: 14+7=21*10=210. Енді осыған екі санның бірліктерінің көбейтіндісін қосамыз: 210+4*7=210+28=238.

Тағы бір мысал: 16*18=(16+8)*10+6*8=288.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 45 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: