08:23 Жады-нама |
ФОТОГРАФИЯЛЫҚ ЖАДЫНЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ Фотографиялық жады – көрген нәрсені қаз-қалпында еске түсіре беру. Мейлі ойша, мейлі суретке салғанда әрбір бөлшегіне дейін дәл келтіру. Анығында, адамдар мұндай қабілетпен тумайды. Ол жаттығу нәтижесінде қалыптасады. Ақпаратты, суретті бірден 100% есте сақтап қалу мүмкін емес, бірақ негізгі бөлігін жадыда ұстап қалудың өзі үлкен жетістік. Фотожадыны кез келген жерде жаттықтыруға болады: көшеде, офисте, үйде, театрда, саябақта. Мысалы, көшеде қарсы келе жатқан адамға назар аударып, сосын көзді тайдырып әкетіп, адамды ойша бейнелеп шық. Қандай киім киген? Түрі қандай? Қолында не бар еді? Шаш үлгісі қандай? Т.б. Фотожадыны жаттықтыру үшін денсаулығың мықты болуы қажет. Депрессия, стресс, зиянды фастфуд, сапасыз ұйқы, ішімдіктен аулақ болу керек. Одан бөлек, миды әрдайым сергек ұстап, ширықтырып отыру үшін кроссвордтар шешіп, кітап оқып, газет қарау керек. Жаңа тіл үйреніп, жаңа музыкалық аспапта ойнауды меңгеру керек. Күн сайын кемінде 30 минут денені шынықтыру керек. Жаттығу барысында назарды бұзатын факторларды барынша азайту қажет. Сондықтан телефонды авиарежимге қойып, теледидарды өшіріп, басқа да кдеергі келтіруі мүмкін нәрселерді алысқа қою керек. Бір уақытта бірнеше іспен айналысуға болмайды. Біздің зейініміз бір уақытта бір істі шешуге бейім. Сондықтан жадыны жаттықтыру кезінде басқа істі қатар алуға болмайды. Фотожадыны жаттықтырудың бірнеше әдісін айтайық. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |