21:43
Жады-нама

БАЙҚАМПАЗДЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Енжар болма

Байқампаздықтың ең басты жауы – енжарлық, селқостық, зейіннің шашыраңқылығы. Назарды бұзатын нәрселер өте көп: музыка, телефон, дереу істеу керек жұмыстар, т.б. Қала ішінде келе жатқанда құлаққап (наушник) киме. Қайта айналадғы дыбыстарды, адамдардың сөздерін естуге тырыс. Айналадағы болып жатқан қозғалыстарға жай қарап өте шықпай, саналы түрде бақыла. Айналып ұшқан жапырақ қайда барып қонғанын көр. Назарыңды ешкім бұзбасын. Осылай жасау арқылы есіңде көп нәрсе қалады.

 

Киноны ойланып көр

Кино көргенде тұңғиыққа батып кетпе. Экранда не болып жатқанын бақыла. «Қандай музыка ойнап жатыр, басты кейіпкер қандай киім киген? Режиссер дәл қазіргі көңіл-күйді білдіру үшін бөлменің қабырғасына неге дәл осы түсті таңдады? Екі адамның диалогын бергенде неге біреуі биікте, біреуі төменде тұрып сөйлеседі? Сол арқылы олардың статусын бергісі келіп тұр ма?» деген сияқты сұрақтар қойып отыр.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: