09:02
Жады-нама

БАЙҚАМПАЗДЫҚТЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Асықпа!

Байқампаздықты арттыру үшін жылдамдығыңды азайтып, баяулау керек. Күн сайын асығып жүрсек, айналаны бақылауға уақыт таба алмай қаламыз. Күн сайын бір уақытты бақылауға жұмса. Жаңа нәрсені бақыла немесе бұрыннан таныс нәрсеге жаңаша көзқараспен қара. Немесе күн сайын бір сурет түсіріп жүр. Жай әншейін сурет емес, ерекше нәрсенің суреті болуға тиіс. Солай жасау арқылы адамдар көрмеген нәрсені көретін боласың. Жаңа тағамдарға тапсырыс беріп, ерекшелігін атап шық. Үй жанында қандай көлік маралары тұратынын байқап жүр. Күн сайын бір өнер туындысына зер салып қара.

 

Үтікті сөндіру

Ұсақ бөлшектерді жаттап алу үшін күн сайын жаттығу қажет. Әдетте, біздің миымыз қажетсіз ақпараттарды жаттауға ұмтылмай, лақтырып тастайды. Енді саналы түрде жаттауға тырыс. Бұлай жасау арқылы есте сақтау қабілеті артады әрі байқампаздық қабілеті күшейеді. Үйден шыққанда: «Мен газды өшірдім. Үтікті өшірдім. Есікті құлыптадым» деп айтып шық. Қалада жүргенде иістерге мән бер. Мысалы, жаңа піскен нанның, кофенің, гүлдің, әтірдің, дәмхананың иісі. Кешке жатарда бір күн ішінде қандай әңгімелер, диалогтар айтылғанын еске түсір. Дәлме-дәл айтып бере аласың ба?

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 44 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: