10:15 Жады-нама |
ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТТАУ ТӘСІЛДЕРІ Құран жаттау тәсілдері Құран жаттаудың тәсілдері өте көп. Қари шығарудан танымал елдер: Пәкістан, Түркия, Малайзия, Индонезия, Мавритания, Марокко, Нигерия, Сомали, Сирия, Мысыр, т.б. Бұл елдердің әрқайсысының жаттау тәсілі бар. Олардың қайсысы тиімді екенін анықтау үшін «Қари болғым келеді» (автор Малика Айтжанқызы) кітабын оқуға кеңес береміз. Бұл тәсілдер арқылы 6 айда, 1 жылда, 1,5 жылда, 2 жылда Құранды толық жаттап шыға аласың.
33 әдісі Құранның бір бетін 10-15 рет тыңдайсың. Сосын сол бетті үш бөлікке бөлесің. Бірінші бөлікті 33 рет оқисың. Бірінші бөліктің бірінші аятын 33 рет оқисың. Содан соң Құранды жауып, жаттаған бөлікті 33 рет жатқа айтасың. Екінші және үшінші бөлікті де дәл осы ретпен жаттайсың.
8+8+8 Егер тыңдау арқылы жаттау мықты болса, онда осы әдісті тексеріп көр. Жаттағың келген бетті 8 рет Халил Хусаридің оқуында тыңда. Сосын 8 рет Махмуд Миншауидің, сосын Абдулбасит абдусаматтың орындауында 8 рет тыңдап шық.
Керісінше жаттау Түркия елінде қолданылатын бұл әдістің нәтижесі өте жоғары. Қасиетті кітап 30 параға бөлінген. Әр пара 20 беттен тұрады. Құран жаттаушы бірінші параның 20-бетін жаттайды. Оны біткен соң екінші параның 20-бетін жаттайды. Осылай кете береді. Егер күн сайын бір беттен жаттайды деп есептесек, 30-параның 20-бетін жаттаған күні тұп-тура 30 күн өтеді. Осы уақыт ішінде жаттаған беттерді интервалды қайталау әдісімен қайталап отыру қажет. Сосын бірінші параның 19-бетін жаттауға кіріседі. Келесі күні екінші параның 19-бетін жаттайды. Ары қарай үшінші параның 19-бетін жаттайды. Шамамен екі жыл уақыт ішінде отызыншы параның бірінші бетін жаттағанша жалғасады. Бір қызығы, егер Құран жаттауды жарты жолдан тастап кетсең, ешбір параны толық жаттамаған күйде қаласың. Сондықтан соңына дейін жеткізу міндет. Құран қасиетті кітап болғандықтан, оны оқудың бұлжымас ережесі бар. Оны қателікпен жаттап қоймас үшін арнайы ұстазға жазылып, жаттаған беттерді тапсырып, тексертіп отыру керек. Әйтпесе қате жатталып кеткен аятты түзеу қиын. Адам ескі сүрлеуге түсіп кете береді. Сонымен қатар, интернетте әлемге танымал хафыздардың аудиосы бар. Соларды тыңдап отырып жаттау қателеспеуге, тәжуидпен жаттауға жақсы көмектеседі. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |