10:21
Жады-нама

ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТТАУ ТӘСІЛДЕРІ

Белгілі қари Мишари Рашид айтқан кеңестер

9. Егер айналаңдағы адамдарға кедергі келтірмейтін болсаң, Құранды дауыстап оқығаның жөн.

Себебі дауыстап оқысаң, әріптердің дұрыс шығуына себеп болады, сондай-ақ өзіңнен естіген аяттар есіңде жақсы қалады.

10. Жаттаған сүрелеріңді жиі-жиі тапсырып тұр.

Қасыңдағы туыстарыңа, достарыңа жаттаған сүрелеріңді жиі-жиі тапсырып тұр. Себебі өзің қате жаттап қалуың да ғажап емес.

11. Жаттаған сүрелеріңді намазда оқы.

Бұл тәсілдің пайдасы көп. Біріншіден, жаттаған сүреңді қайталаған боласың, екіншіден, намазда дүниені емес, тек сол жаттаған сүренің аяттарын ойлап тұрасың. Үшіншіден, Құранды ашып оқу мен Құранға қарамай оқығанның айырмашылығын сезесің.

12. Құран жаттаудағы зейінің артсын десең, күнәға бой алдырма.

Алладан білім сұрап, «Аллаһумма зидни илмән» деп дұға ет. Күнә жасамауға тырыс, себебі күнә істегеніңнің себебінен Алла біліміңді алып қоюы мүмкін.

13. Жастық шағыңды пайдаланып, көп Құран жаттап қал.

Егер жас болсаң, жас ерекшелігіңді пайдаланып, есте сақтау қабілетің әлсіремей тұрғанда Құранды көбірек жаттауға тырыс. Өйткені жас келгенде қабілетің төмендеуі мүмкін.

14. Құран оқу мен жаттауда Алладан жалқаулықтың кесірінен пана сұра.

Құран жаттау барысында бойыңнан жалқаулықтың, еріншектіктің көрінуі мүмкін. Осы кезде Алладан жалқаулықтың кесірінен пана сұрап дұға қыл: «Аллаһумма инни әғузу бикә минәл-ажзи уәл-кәсәл».

15. Құран жаттаушы адам өзінің тамақтану уақыттарына көңіл бөлуі қажет.

Себебі тамақтанудан кейінгі тоқтық адамның ұйқысын келтіріп, маужыратып жібереді.

16. «Осы жетеді, көп жаттап қойдым» деп өз-өзін алдамағаны жөн.

Егер біршама Құран аяттарын жаттасаң, сонымен қанағаттанып қалма. «Көп жаттап қойдым, енді біраз уақыт жүре тұрсам болады» деген ойға алданып қалма. Себебі олай ойлау Құраннан біраз уақыт қол үзіп қалуыңа себеп болуы мүмкін. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 56 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: