10:42
Жады-нама

ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТТАУ ТӘСІЛДЕРІ

Құранды не үшін жаттау керек?

Жаттауға лайық бір нәрсе болса, ол тек Құран дер едік. Әрбір мұсылман оны жаттап алуды мәртебе көреді. Себебі оның артықшылығы өте көп. Кім Алла Тағала онымен сөйлескенін қаласа, Құран оқысын. Құран сақталған дене отқа жанбайды, шоққа күймейді. Бұл екі дүниеге де қатысты. Ақыретте кейбір ата-аналарға жарығы күннен де өткір, нұрлы тәж кигізіп, абыройы асқақтайды екен. «Бұл дәрежеге қайдан лайық боп қалдым?» деп таңғалса: «Балаң Құранды жатқа білгені үшін» деп жауап беріледі. Кеудесінде алланың сөзі сайрап тұрған адамнан астаны байлық не артықшылық жоқ. Осы нәрселердің өзі адамды Құран жаттауға құлшынысын арттырады.

Құран жаттағың келсе, бірден екі нәрсенің басын ашып алу керек. Оның екеуін де сүйінші деп атауға болар. Бірінші, Құранды тек Алланың мейірімімен жаттайды. Саған Құран жаттау нәсіп болса, онда Хақтың назары түскен біреу болдың. Осы нығметтің қадіріне жетіп, айырылмауға ұмтылу керек. Екінші, Құран жаттау өте жеңіл. Оны Жаратушымыз әдейі солай жасап қойған. Араб тілінен бір сөз білмесең де, Құранның ғажайып мұғжизасы жүзеге асып, тілің еркін икемге келеді. Шын ниеттенсең, бір жылдың ішінде немесе 50 жылдың ішінде болсын, түбінде жаттап аласың. Бұл ниет тек Алланың разылығы үшін жасалуы керек. Құранды мақтан, абырой, адамдардың ықыласы үшін жаттасаң, екі дүниеде де оңбай қаласың.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 52 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: