22:18
Жады-нама

ҚАЙТАЛАУ – БІЛІМНІҢ АНАСЫ

Қайталаудың түрлері мен әдістері

Біздің дәуірге дейін адамдар тоқтамастан қайталау арқылы және қарқынды қайталау арқылы үлкен ақпараттарды жаттаған. Содан кейін белгілі бір уақыт аралығында қайталау әдісі пайда болды.

 

Көп қайталау

Көптеген діндерде көп қайталаудың орны ерекше. Мысалы, Ислам дінінде намазда «Фатиха» сүресін күніне 40 рет қайталайды. «Алла», «Рахман» есімдерін 1000 рет қайталау сияқты зікірлер бар. Құранды бастан-аяқ жаттаушыларды хафыз дейді. Олар 600 беттен тұратын қасиетті Құранды әрбір әрпіне, созылуына, тоқтауына дейін жаттап алады. Әрине, Құранның бір қасиеті сол – оны жаттау оңай. Қиыны – қайталау. 500 рет қайталаған – нашар хафыз, 1000 рет қайталаған – жақсы хафыз дейтін өздерінің сөзі бар.

Қытайда 100000-нан астам иероглиф бар. Әрбір қытайлық кем дегенде 7-8000+ын білуге тиіс. Сонда ғана кітап оқып, газетті түсіне алады. Осынша көп иероглифті көп қайталау арқылы жаттайды.

 

Уақыт аралығында (интервалды) қайталау

ХІХ ғасырдың соңында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде уақыт аралығында қайталаудың пайдасы көп қайталаудан жоғары екені анықталды. Бұлай қайталау арқылы уақытты, күшті үнемдеуге болады. Оның да түрлері көп.

 

Эббингауз зерттеуі

Адамдардың ақпаратты жаттауы және ұмытуы әртүрлі. Ал жалпы адамдарға ортақ ұмытудың уақытын Герман Эббингауз деген ғалым зерттеген. Көптеген тәжірибе жасай отырып, жатталған ақпарат қанша уақытта ұмытыла бастайтынын көрсететін график жасаған. Бұл график бойынша алғашқы қатесіз қайталаудан кейін ұмыту өте жылдам жүреді. Бір сағаттың ішінде барлық ақпараттың 60%-ы естен шығады. 10 сағаттан кейін жадыда жатталған ақпараттың тек 35%-ы қалады. Ары қарай ұмыту процесі баяу жүреді. 6 күннен соң жадыда жатталған ақпараттың 20%-ы қалады. 1 айдан соң да осы көлемде ақпарат қалады.

Бұдан шығатын қорытынды – жатталған ақпарат енді ұмытылады-ау деген уақытта бір қайталап жіберу керек. Яғни белгілі бір уақыт аралығында қайталау процесі міндетті.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 60 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: