09:05 Жады-нама | ||||||||||||||||||||
СӨЗ ЖАТТАУ ТӘСІЛІ Ассоциация әдісі Өз ана тіліміздегі сөздерді қалай жаттаймыз? Сөздер тізбегін жатқа білу өмірде біраз шаруаны жеңілдетеді. Дүкенге барып қажетті заттарды алу, көпшіліктің алдында қысылмай сөйлеу, т.б. Алдымен ағымдағы жадың туралы біліп алайық. Екі минут ішінде сөздердің қаншауын есте сақтай аласың?
Егер ерекше бір әдіс қолданбасаң, онда шамамен он шақты сөзді жаттаған боларсың. Есте сақтау қабілетім нашар екен деп ұнжырғаң түспесін. Миллер эффекті бойынша адам кездейсоқ айтылған сөздердің 7+/- бөлігін ғана есте сақтайды. Яғни 5 пен 10 арасында ғана сөздерді есте ұстап тұрасың. Ассоциация әдісімен жоғарыда берілген сөздерді тез жаттап алуға болады. Мысалы, «Алматының Арбат көшесімен келе жатыр едің, алдыңнан смартфон ұстаған жылқы шыға келді. Мұндай қызықты кім көрген! Ішекті тартып таңғалғаннан өкпеңе оттегі жетіспей қалды. Қолыңда ешкім ашып оқымасын деп скотчтап қойған кітапты ашып едің, келген бетіңді қазының етімен белгілеп қойыпсың. Сөйтіп тұрғанда тура аяғыңның астынан бір қолында алма, бір қолында бөтелке ұстаған, удай мас, құлағына құлаққап тағып DJ Snake-тің әнін тыңдап бара жатқан жыланды көрдің. Бәленің түрі суық емес пе! «Ойбай!» деп қорқып кетіп, партаның үстіне секіріп шықтың. Партаның үстінде есік тұр. Есіктен үсті май-май механик кіріп: «Бауырым, машинаның дөңгелегіне кроссовка кигізіп қойсаң, қатты жүретін болады» деп кеңес беріп жатыр...» баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||||||||||||||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |