22:14 Жады-нама |
АДАМ ЕСІМІН ЖАТТАУ ЖОЛДАРЫ Адамның ерекше белгісін тап Көп адамның мектепте лақап аты болады. Біреуді «очкарик», біреуін «шутник», біреуді «ұзынтұра» деп, енді біреуін «капкарашка» деп атап кетеді. Бала деген біреудің аты мен тегін жаттауды ұнатпайды. Оның үстіне адам аттары қайталана береді. Бір сыныпта бірнеше «Әлихан», бірнеше «Аружан» болуы мүмкін. Лақап аты арқылы кім туралы айтылып жатқанын бірден ұға қоясың. Жаңадан танысқан адамды тез жаттау үшін де оның ерекше белгісін ұстап қалу керек. Адамның ерекше белгісі әр нәрсе болуы мүмкін: оның бойының ұзындығы не қысқалығы; құлағының үлкен немесе сынғандығы; көзінің қыли, қисық, үлкен болуы; денесінің семіз не арықтығы; аяғының тым үлкен не тым қысқалығы; бетінде меңнің болуы; шашының тым ұзын не тақырбас болуы, терісінің қара не тым ақ болуы; мұрынның қошқар мұрынды, картоп мұрынды, тым үлкен болуы,; тістің қисықтығы, алтыннан не күмістен жасалуы; денесі шыныққан не ілмиген болуы; қолының не аяғының сынған, қисық, саусағының жеткіліксіз болуы. Осыған сай адамға образ беру керек. Мысалы: мұртты Ермек, тақырбас Арман, меңді Жұлдыз, шашы күйген Аяулым, көк көзді Нұрлан, т.б. Адамның ерекше белгісіне оның аты-жөнін, жұмысын, телефон нөмірін, мінген көлігін, жұмыс істейтін жерін, т.б. қосуға болады. Адамды ұмытпау үшін оның ерекше белгісін еске ұстап қалу керек. Өте сирек көретін адамға бейне беруге болады. Мысалы, Таңшолпан деген қызбен таныстың. Оның ерекшелігі – құлағындағы сырғасы болуы мүмкін. Енді бейне береміз: таң алдында Шолпан жұлдызына сырғасымен ілініп тұрған қыз. Ал күн сайын көретін адамға белгі соғып қойса болады. Белгі оның мінезіне, хоббиіне, жұмысына байланысты болуы мүмкін. Әрине, оның өзіне естіртіп айту қажет емес. мысалы, марка жинаумен айналысатын адамға «лупа» белгісі, татуировкасы бар адамға «тату», білегіне мата орап алатын адамға «биллиард», әр нәрсе сатып жүретін адамға «олх», спортпен айналысатын адамға «штанга», домбыра тартатын адамға «Балбырауын», т.б. Тез арада көлік нөмірін жаттау қажет боп қалады. Айталық, кешке туысыңды таксиге отырғыздың. Егер көлік нөмірін ештеңемен байланыстырмасаң, ұмыттың дей бер. Егер оған қоса, көліктің өзін, шопырды да есте сақтағың келсе, онда мән бер. Көліктің ішінде не сыртында ерекше белгісі болады. Ал адамды жаттағанда оңайлықпен өзгере қоймайтын белгілерін жаттау керек. Мысалы: алтын тіс, қысық көз, үлкен құлақ, мең, тыртық, т.б. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |