21:33 Жады-нама |
АДАМ ЕСІМІН ЖАТТАУ ЖОЛДАРЫ Көп адаммен танысқандабәрін қалай жаттау керек? Қайынжұртқа барып едің, бір жеңгең «О, күйеу бала, жақсы келдің. Қане, мына дастарқанға асаба бол» деп баыңа іліп жіберуі мүмкін. Немесе компанияның атынан бір конференцияға барып, маңызды қонақтармен таныстың. Енді оларды бір-біріне таныстыру саған тапсырылды делік. Тойға барып едің, жаңа құдаларың бірінен соң бірі есімдерін айтып, өздерін таныстырып жатыр. Басқа басқа, дәл құдалардың біреуінің атын ұмытып қалсаң, жаман ұят енді. Өмірде мұндай жағдайлар өте көп. Саған бірден көп есімді жаттаудың әдісін айтамыз. Айталық, бірден тоғыз адаммен таныстың. Бауыржан, Жамбыл, Айбол, Абай, Қанатбек, Сәкен, Гүлмарал, Ермек, Нұрсұлтан. Араларында байланыс жоқ, оны өзің құрастырасың. Осы есімдерден образға толы сөйлем құрастыр. Мысалы, Бауыржан Момышұлы мылтығын оқтап отырып, Жамбыл Жабаевқа айтты: «Айлы түнде қанатпен ұшсаң, абай бол». Сонда Сәкен Майғазиев Нұрсұлтан қаласында гүл теріп жүрген маралды көріп, «Осылар ермекке жеп жүр» деді. Бітті, бұдан кейін сен олардың ешбірін ұмытпайсыз. Бұдан бөлек, әрбіріне айрықша образ берсең де болады. Ол үшін сәл уақыт керек. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |