23:19 Жады-нама |
ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ ФРАНЦ ЛЕЗЕР ӘДІСІ Франц Лезер – неміс ғалымы. Оның әдісін оңай тілмен түсіндіреміз.
Визуалсың ба әлде аудиалсың ба? Жер бетінде бірде-бір адам бір-біріне ұқсамайды. Тіпті ақпаратты қабылдауы да. Бір адам көзбен көру арқылы жақсы еске сақтаса, енді бірі есту арқылы жақсы қабылдайды. Бұл екі топтың қайсысына жататыныңды мына жаттығу арқылы біле аламыз. Көлемі бірдей, яғни сөз саны тең екі мәтінді дайындаймыз. Бірінші мәтінді әдеттегі жылдамдығыңмен бір оқып шық. Оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Екінші мәтінді біреуге оқып беруін өтін. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын жаз. Екі қағаздың көлемін салыстыр. Бірінші қағазда ақпарат көп болса, демек, сенде көзбен көру арқылы ақпарат қабылдау деңгейі жоғары. Ал екінші қағазда ақпарат нақты, көбірек болса, демек, тыңдау арқылы қабылдау жақсырақ. Қай тәсіл басым екенін білгендіктен, енді сол тәсілге көбірек жүгіну қажет. Есту арқылы ақпарат қабылдайтын кейбір адамдар тіптен дауыстың түсін, сәулесін көре алады. Орыстың танымал есте сақтау маманы Шерешевскийде сондай қабілет болған. Шәңкілдеп сөйлеп жатқан адамға «Даусыңыз неткен сап-сары еді!» деп айтқан екен.
Фокусты шашырату немесе бір нүктеге бағыттау Италияның Рим қаласында Термини деген вокзал бар. Ол жерден жылына 150 млн жолаушы өтеді. Метро, пойыз, автобус, таксиден адамдар ағылып кіріп, ағылып шығып жатады. Жан-жағында кафе, дүкен, дүңгіршек, фатфуд кабинасы, ән айтып жатқан көше әншілері, әңгіме айтып жатқан жастар, карта қарап тұрған туристер. Мұндай жерде назарыңды аударатын нәрсе өте көп. Жан-жаққа шашырайтын назарыңды жинап алып, гитара тартып отырған әншіге ғана бағытта. Гитарасының түсі қандай, не ойлап жатыр, киген киімі, бет-әлпеті, шашы, аяқ киімі қандай – бәрін зерттеп шық. Осылай жасау арқылы фокусты бір бағытқа бағыттауды үйренесің. Екінші нәрсе – айналаңдағы фокусты бұзатын нәрселерді елемеу. Бұл жаттығуды жақсы меңгерген соң, кез келген мәтіннен қажетті ақпаратқа назарыңды бағыттай алуды үйренесің. Мысалы, бір мәтіннен «т» әрпінен басталатын сөздерді санап шығу. Жаңа мәтінне ең қажетті ойларды, байланыстарды таба білу.
Қажетсіз ақпартты ұмыту Мына цифрды оқып көр: 857493028463859236482764920136482 Соңғы 5-9 цифр ғана есіңде қалуы мүмкін. Себебі жаңа ақпаратты қайталамаса, одан кейін келген ақпарат оны ысырып шығарады. Қажет емес ақпаратты ұмыту үшін жаңа 9 ақпаратты оқысаң жеткілікті. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |