19:17 Жады-нама |
ШЕТ ТІЛІНДЕ СӨЗДІК ЖАТТАУ ӘДІСІ Матрешка әдісі Бұны қиын десең, тағы бір ғажайып әдіс бар. «Эпл» сөзін жаттау үшін үлкен алманы және өте кішкентай пілді елестетеміз. Немесе үлкен алманы жеп жатқан өте кішкентай пілдің бейнесін санаңа бекіт. Сонда алманы ойлағанда санамызға піл келеді, автоматты түрде ӘПЫЛ деп айтамыз. Не үшін піл екенін түсінген шығарсың? ӘПЫЛ және ПІЛ ұйқас. Алманы ойлағанда пілді елестету қажет емес, ол өзі сананың бетіне қалқып шығады. Уақыт өте келе піл өз-өзінен жойылып, алма қалады.
Кілт сөз арқылы жаттау Ағылшынша сөз: court Қазақша аудармасы: сот залы Кілт сөз: құрт. Сот залындағы столды кеміріп жатқан құртты елестет.
Испанша сөз: manzana Қазақша аудармасы: алма Кілт сөз: тарзан. Джунглиде ағаштан ағашқа секіріп бара жатып, алма жеп жатқан Тарзанды елестет.
Нидерландша сөз: vakantie Ана тіліндегі аударма: демалыс Кілт сөз: вакансия. Сурет: голландықтар демалысқа шықса, жұмыстарына қайтқысы келмейді, содан көп вакансиялар пайда болады екен.
Ағылшынша сөз: wheel Ана тіліндегі аударма: дөңгелек Кілт сөз: Уилл смит (әртіс). Уилл Смит дөңгелектің ішіне кіріп алып, домалап еді, басы айналып, орнына тұра алмай қалды.
Сөздікті әрекет арқылы жатта Сөздік жаттауға көмектесетін тағы бір керемет әдіс туралы айтамыз. Кез келген сөзді жаттағанда оның мағынасын ашатын әрекетті жасау керек. Мысалы, run – жүгір, jump – орныңда секір, spoon – қасықпен тамақ же, punch – жағыңды жұдырықпен ұр (сындырып жіберме), flick – ұсақ затты шертіп жібер, sing – ән сал, т.б. Қимыл-әрекетің көп, анық, күлкілі болған сайын жаңа сөз де жадыда мықтап сақталып қалады. Бұлай күніне кемінде 50-100 сөздік жаттай аласың. Жаттау оңай, тек қайталау керек.
Қаланың орталығында отырған Цицерон Цицерон әдісін сөздік жаттауда тиімді қолдану әдісі бар. Бірақ мұнда үйдің ішін емес, одан да көлемді орада ұйымдастыру керек. Мысалы, қаланың орталығы. Оның адамдар көп жүретін, саябағы, кафесі, фонтаны бар, ойын алаңы, ескерткіші, скамейкасы бар, балмұздақ сататын дүңгіршегі, шар ұшырып жүрген сатушылары, велосипедті жалға беретін орны бар. Осы жерге келіп, орталықтың ортасына жайғасып ал. Саған бәрі көрінетін болсын. Бұл жердің ой-шұңқырын жақсы білетін болуың керек. Қолыңа блокнот, қалам, смартфоныңды ал. Мысалы, ағылшын тілін үйреніп жатырсың. Әр қимыл-әрекеттің аудармасын жазып, сол орынға бекітіп отыр. Мысалы, балмұздақ сататын жерге: «Kids are eating an ice-cream – Балалар балмұздақ жеп жүр» деген сөйлемді бекітесің. Дайын аударманы google аудармашы арқылы таба аласың. Велосипед тебетін жерге: «girls are riding a bike – Қыздар велосипед теуіп жүр» деп бекітесің. Осылай барлық жере сөйлем құрап шығасың. Қай жерге қандай сөйлем жазғаныңды болкнотқа жазып отыр, ұмытпа. Сенде кемінде 50-100 шақты сөйлем шығады. Осы орталыққа келген сайын немесе үйде отырып-ақ ойша аралап шық. Әр орынның қасынан өткенде бекіткен сөйлеміңді айт. Бұл мықты әдіс, оны көптеген полиглоттар қолданады. Дәл осы әдісті басқа тілді үйренуде де қолдана аласың. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |