08:39 Жады-нама |
ШЕТ ТІЛІНДЕ СӨЗДІК ЖАТТАУ ӘДІСІ Жаңа сөзге образ беру Күніне 30 сөзден үйренсең, 60 күнде 2000-ға жуық сөзді үйреніп шығуға болады. Сөздікті жаттағанда дәстүрлі «жаңа сөз – қазақша аудармасы» деген форматтан басқаша жаттау қажет. Сөзді жаттағанда одан кейін ешқашан сөздіктен қарамайтындай жаттау керек. Ол үшін не істеу керек? Жаңа сөзді естігенде санаңда бейне, обарз, сурет шығатындай жаттауға тиістіміз. Мұндай жағдайда сен үшін аударма деген ұғым жайына қалады. Яғни, өз ана тілің сияқты сезімде боласың. Мысалы, aunt (ант – әпке) – басында антеннасы бар әпкем үйге келді. laugh (лаф – күлу) – от лаф-лаф етіп жанбаған соң, күлкің емес, жылағың келеді. advertise (адвертайз – жарнамалау) – Парашютті жарнамалау үшін: «адам вертолеттен парашютпен секірсе, айызы қанады» деп жазу керек. Тағы бір мысал келтірейік. Apple. Apple сөзін жаттау үшін алманы көз алдыңа келтіресің. «Apple – алма» деп жаттау дұрыс емес. «Әпыл» деп оқылуын айтасың. Жалғыз сөзді жаттауға болмайды, жанында тіркес не сөйлем болуға тиіс. Мысалы, I found a red apple under the table yesterday – Мен кеше столдың астынан қызыл алма тауып алдым. Берілген сөйлем не тіркесті көз алдыңа дәл елестету керек. Жаңа сөздің қалай оқылуын есте сақтау үшін оған ойша ұйқасатын мысал беру керек. Мысалы, Күніне бір «әпыл» жегенің мақұл. «Әпыл» жемеген адам ғапыл, т.б. Алманы ғана емес, сөйлемнің басқа сөздерін де бірден жаттап алған дұрыс. Мысалы, «found» өткен шақта тұрған «find» (табу) деген сөз, оқылуы «файнд». Әпыл іздеп едік, таптық, қазір жеуге дайын. «Файнд» пен «дайын» деген сөз ұйқас. Red – қызыл, оны жаттау қиын емес, каспи ред жетіп жатыр. Under – астында, оқылуы «анды». «Әпылды іздесең, столдың астынан аңды. «Анды» мен «аңды» ұйқас. Table – стол, оқылуы «тэйбл». «Әпылды» күн сайын столдың астынан жей біл. «Тэйбл» мен «жей біл» ұйқас. Yesterday – кеше, оқылуы «естідей». Кеше естідім: әпыл жеу пайдалы екен. «Естідей» мен «естідім» ұйқас. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |