07:15 Жады-нама | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
МИДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРАТЫН КЕЛЛИ ӘДІСІ Адам суретті қолымен емес, миымен салады. Микеланджело Патрик Келлидің методикасы қарапайым. Қарапайым бола тұра, ол мидың барлық бөліктерін қозғайды. Бұл методты құрастыру барысында ғалым мидың қай кезде белсенді болатынын зерттейді. Нәтижесінде, өзі қарапайым, бірақ миды толықтай белсендендіретін жүйе ойлап табады. Бұл әдістің нәтижесі көріну үшін жаттығуларды тұрақты істеу керек.
Патрик есеп шығарып отырған адамның миын томографияға түсіреді. Сондағы нәтижесі мынадай: - Оңай есептерді асықпай шығарып отырған адам миының белсенділігі аз. - Оңай есептерді жылдам шығарып отырған адамның миының белсенділігі өте жоғары. - Қиын есептерді қандай жылдамдықпен шығарса да, адамның миының белсенділігі өте аз. Бұдан шығатын қорытынды, есепті неғұрлым тез шығарған сайын, соғұрлым мидың белсенділігі артады. Бұл есептер қарапайым арифметикалық амалдардан, яғни қосу, азайту, көбейту, бөлуден тұрады. Есепті өзіңе ыңғайлы ырғақпен бастап, бірте-бірте жылдамдықты арттыру қажет.
2. Өсу ретімен сандарды дауыстап санау Теледидар көріп отырған адамның миын томографияға түсірсе, тек көру мен естуге жауап беретін бөліктер ғана белсенді екендігі көрінеді. Ал сандарды өсу ретімен жылдам санаған адамның миының белсенділігі өте жоғары. Сандарды 1-ден 120-ға дейін санау керек. Әр санды анық, қаты дауыстау қажет. Егер қателесіп кетсең, дұрысын айтып жалғастыра бер. Бұл жерде жылдам айту маңызды. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Всего комментариев: 0 | |