21:54
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Интеллект-карта

Есте сақтауға көмектесетін ең жақсы құралдың бірі – интеллект-карта. Ол оңай боп көрінгенмен, оңай нәрсе емес. оны дұрыс құрастыра алсаң ғана уәде етілген пайдасын көре аласың. Ал оны дұрыс құрастырудың шарттары бар. Бұл жайында кітап та жазылған, авторы Тони Бьюзон. Интеллект-картаның мидың нейрондарына, ағашқа ұқсайтынын байқаған боларсың. Ми да осындай түрлі-түсті суретті жақсы сақтайды.

Қажетті нәрселер: 1. Проблема. 2. Қағаз не плакат. 3. Фломастер.

 

7-қадам. Проблеманы бүкіл сезім мүшелерімен сипатта

Бес сезім мүшесі. Көру, есту, иіскеу, дәм сезу, сезу. Осыларды идеяны тарқатқанда қолданып көр. Сонымен қатар, әр проблеманы ашатын түсті қолдана біл. Дұрыс таңдалған түстер жиынтығы интеллект картаны біртұтас етіп көрсетеді. Алайда барлық түсті қолданып, кемпірқосақ жасаудың да керегі жоқ.

 

8-қадам. Өзара байланысатындарды белгіле

Кейбір бұтақтардың арасында бірін-бірі толықтыратын ақпараттар болады. Соларды бірінен екіншісіне байланыстыратын сызықпен белгілеу қажет.

 

9-қадам. Бос кеңістік қалдыруды ұмытпа

Бұтақтар арасындағы бос кеңістік арқылы әр бұтақтың өзінше бір әлем екенін ұғасың. Миға қабылдау жеңіл болады. Әйтпесе, бір-біріне жақын орналасып, араласып кеткендей болса, шимай секілді көрініп, қабылдау да қиынға соғады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 174 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: