07:38
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Интеллект-карта

Есте сақтауға көмектесетін ең жақсы құралдың бірі – интеллект-карта. Ол оңай боп көрінгенмен, оңай нәрсе емес. оны дұрыс құрастыра алсаң ғана уәде етілген пайдасын көре аласың. Ал оны дұрыс құрастырудың шарттары бар. Бұл жайында кітап та жазылған, авторы Тони Бьюзон. Интеллект-картаның мидың нейрондарына, ағашқа ұқсайтынын байқаған боларсың. Ми да осындай түрлі-түсті суретті жақсы сақтайды.

Қажетті нәрселер: 1. Проблема. 2. Қағаз не плакат. 3. Фломастер.

 

1-қадам. Дайындық

Интеллект-картаны еркін салу үшін үлкен таза ақ қағаз қажет. Парақты көлденең қойған ыңғайлы болады, өйткені көзімізге тігінен қарағаннан көлденең түрде қараған жақсырақ. Парақты жерге қойып, отырып сызған тіпті жақсы. Сонда бала секілді еркін ойлана аласың, әрі шығармашылық қабілетің оянады.

 

2-қадам. Орталық бейнені жаса

Сен өзіңді толғандырған проблеманы шешу үшін интеллект-картаны жасап отырсың. Қағаздың ортасына проблеманы айқын бейнелейтін суретті салу қажет. Барынша түрлі түсті фломастер қолдану керек. Егер тек сурет жеткіліксіз болса, онда кілт сөз жаз. Тақырыпты анық білген сайын оны тарқату да оңай.

 

3-қадам. Негізгі идеяларды анықта

Бұл идеялар интеллект-картаның негізгі бұтақтары немесе тармақтары болады. Олар нақты болса, тармақ та жақсы ашылады. Негізгі бұтақтарды анықтау үшін дұрыс сұрақтар қою қажет.

- Қандай ақпарат қажет?

- Проблеманы жеті бұтақпен сипаттай аламыз ба?

- Егер мұны кітап десек, ол қандай бөлімдерден тұрар еді?

- Қандай сұрақтардың басын ашып алу керек? (Не? Қайда? Қашан? Кім? Қалай? Қандай?)

- Бұтақтардан қандай сабақтар алуға болады? Басыңа келген он идеяны жазып көр. Сосын ұқсастарын біріктіріп, сұрыпта. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 71 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: