07:12
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Біреуге түсіндіру

Есте сақтауға көмектесетін ең танымал әдіс – жаттаған материалды біреуге түсіндіру. Оның анасы – тарих пәнінің мұғалімі. Тарихқа қатысты кез келген сұраққа сарт етіп бірден жауап береді. Себебі отыз жылдан астам оқушыларға түсіндіріп келеді. Біреуге түсіндіру, айту, баяндау барысында өзіңнің қаншалықты дұрыс түсінгеніңді байқайсың. Оған қоса, түсіндіру барысында ғана өзің басқаша түсіне бастайсың.

Түсіндірудің де түрлері бар. Әсіресе, он жасар балаға түсіндіріп көр. Бала түсінуі үшін оның түсіну деңгейінде, оның тілінде айтуың қажет. Бала деген сенің әдемі терминдеріңді, «дизфункционал, дифференциал, интровертті» деген сөздеріңді түсінбейді. Егер балаға түсіндіре алмасаң, демек, өзің әлі дұрыс түсінбегенсің. Балаға қарапайым тілмен, қиын сөздерді оңай сөздермен алмастырып, балаға түсінікті мысал бере отырып, ұқтыра алсаң, онда бұл ақпарат өмірбақи есіңде қалып қояды.

 

Жаттығу

Төменде берілген ақпаратты 8 жасар балаға түсіндір.

ХХ ғасырдың ғылым мен техника саласындағы көптеген айтулы жетістіктері физикаға тікелей байланысты. Тарихтан белгілі «Әлемнің жеті кереметіне» парапар, ХХ ғасырдың физика мен техникаға байланысты төрт ғажайып жетістігін атауға болады.

Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты. Жер қойнауындағы жағылатын отындар (көмір, мұнай, газ, шымтезек, ағаш) қоры жылдан-жылға азайып барады. Міне, сондықтан атом энергиясының көзін табу адамзат үшін айтарлықтай оқиға болды.

ХХ ғасырда адамзат физика мен техника жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді. Тұңғыш жасанды Жер серігі біздің еліміздегі Байқоңыр ғарыш айлағынан 1957 жылы ұшырылды. Адамзаттың тұңғыш ғарышкері, орыс азаматы Ю.А.Гагарин 1961 жылы Байқоңырдан ұшты. Ғарышқа сапар шеккен біздің отандастырымыз – Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаевтар да аса күрделі ғарыштық техниканы басқаруда ерлік пен біліктілік үлгісін көрсетті.

ХХ ғасыр ғажайыптарының бірі – лазердің өмірге келуі. 1960 жылдардың басында осындай айтулы жаңалықты ашып бергені үшін Ресейдің физик-ғалымдары Н.Г.Басов пен А.М.Прохоровқа және АҚШ-тың физигі Ч.Таунске Нобель сыйлығы берілді.

Адамзат ақыл-ойының ХХ ғасырда қол жеткізген ең ірі табыстарының бірі – кибернетика және оған қатысты электрондық есептеуіш техникасы. «Жасанды зерде» (интеллект) болып табылатын қазіргі кездегі суперкомпьютерлердің өз бетінше «ойлау» дәрежесі үш жасар баланың ойлау деңгейіне жетіп отыр. Міне, ХХ ғасырдың ең басты төрт ғылыми-техникалық ғажайыптары осындай.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 74 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: