20:27 Жады-нама |
ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ Мекен әдісі Саябақ – отбасымызбен уақыт өткізетін, ауасы тамаша, серуендейтін орын. Оның әрбір аумағында не бар екенін жақсы білеміз. Саябақтың ортасында отырып, әр объектіге бір сөзді не затты байлап көріңіз. Субұрқаққа, балмұздақ сататын дүкенге, велосипед жолағына, тирге, әткеншекк бір-бір сөзден жабыстырыңыз. Енді саябқаты ойша бір аралап, байлаған сөздеріңізді санап шығыңыз. Сіз енді осылай жасау арқылы бірден 20-30 сөді ұмытпай, естеп сақтап қаласыз. Мекен әдісіне түрлі танымал жерлерді қолдануға болады. Бастысы ол жердің түкпір-түкпірін жақсы білетін болуыңыз керек.
Жаттығу Ағылшын тілін үйреніп жүрсеңіз, онда төменде берілген сөздерді саябақтың (өзіңіз басқа орынды таңдасаңыз болады) әр бөлігіне орналастырыңыз. TO RUN – ЖҮГІРУ TO WALK – СЕРУЕНДЕУ TO JUMP – СЕКІРУ TO RIDE A BIKE – ВЕЛОСИПЕД ТЕБУ TO EAT AN ICE-CREAM – БАЛМҰЗДАҚ ЖЕУ CROWD – ТОП TO READ A BOOK – КІТАП ОҚУ TO TAKE A PHOTO – СУРЕТКЕ ТҮСІРУ
Мағына беру, кодтау Ассоциация жасау кезінде кейбір сөздерді, сандарды кодтаймыз. Яғни оған басқа мән береміз. Бірақ мынаны ескеру керек: код деген – ассоциация емес. мысалы, 99 деген санға «Жамбыл Жабаев» деген код бердік, өйткені ол 99 жыл өмір сүрген. Ал бұл сан басқа сандармен қатар келсе, мысалы мынадай: 99 30 45 01. Онда біз барлық цифрдың кодынан ойша бейнелі сөйлем құрай саламыз: Жамбыл Шоқанға өрттен абай бол деп ескертті. Мұнда: 30 – Шоқанның өмір сүрген жасы, 45 – Абайдың туған жылы, 01 – өрт дабылы. Осылайша сандар жеңіл жатталады. Жайдан жай 99 – Жамбыл деп кете салуға болмайды.
баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |