20:32
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Тізбек әдісі

Бірнеше затты, сөзді жаттау үшін әр екі заттың арасын байланыстырамыз. Мысалы, стақан, кеме, сиыр, кактус, машина, нан, айыр деген сөздерді тізбек бойынша байланыстырайық. «Су толы стақанның ішінде Титаник кемесі жүзіп барады. Кеменің үстінде сиыр күйіс қайырып айсбергке қарап тұр. Сиырдың басында мүйіз емес, кактус өсіп тұр. Кактуста машина ілініп қалған. Машинаның багажында бөлке нандар толып тұр. Нанды айырмен қадап, аспаз тасып жатыр..»

 

Жаттығу

Төменде берілген заттарды тізбек әдісімен байланыстырып жатта.

СМАРТФОН

АВТОБУС

НОУТБУК

БУРГЕР

ОРЫНДЫҚ

ҚОЛ ШАМЫ

ДОП

 

Маршрут әдісі

Үйіңізден жұмысқа дейін, мектепке дейін, балабақшаға дейін, саябаққа дейін апаратын жолды жақсы білесіз. Жол бойындағы дәріхана, наубайхана, гүл сататын дүкен, баян тартып тұратын әнші, т.б. бәрі санада сайрап тұрады. Жаттағыңыз келген сөздерді жол бойындағы нысандарға (объектілерге) орналастырыңыз. Сөйтіп жолды қайтадан жүріп өтіңіз. Бастысы: қай нысанға қай затты қойғаныңызды ұмытпау керек.

 

Жаттығу

Төменде берілген сөздерді өзіңізге таныс маршрут бойындағы нысандарға орналастырыңыз.

ЦИРКУЛЬ

ТАҒА

АЛМА

КІРПІШ

МҮЙІЗ

ӨЗЕН

ЭЛЕКТР ШАМЫ

СТИКЕР

 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 85 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: