20:12 Жады-нама |
ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ Дүкеннен алатын заттарды ұмытпау үшін не істеу керек? Ассоциация арқылы заттарды бір-біріне олай да, бұлай да байланыстыра аласың. Саған дүкеннен мына заттарды алу керек: кір жуатын ұнтақ, нан, сүт, тіс пастасы, қызанақ, жұмыртқа, сабын, банан. Әдетте, қағаз бен қалам іздеп немесе телефонға жазып жатамыз. Дүкенге барғанда қағазды қайта-қайта оқимыз. Смартфонды да дәл солай. Енді олардың ешқайсысы қажет болмай қалады. Елестетіп көр: «Каспийдің жағалауына демалуға барып едің, тұтас жағалау құмнан емес, кір жуатын ұнтақтан тұрады екен. Аяғыңа жабысып, езіліп жатыр. Қарның ашқанда жеймін деп алып шыққан бөлке наныңа ұнтақтың иісі сіңіп, жеуге жарамай қалды. Иіскеп көріп едің, кір ұнтағы аңқып тұр. Жиіркеніп кеттің. Не боп кеткен деп, суға келіп едің, су емес, сүттің толқындары жағаға соғып жатыр екен. Сүттің иісі аңқиды. Сөйтіп тұрғанда жағада бір сарбаз (Colgate – солдат) «Қап! Майонездің бітіп қалғанын қарашы!» деп тіс пастасын қызанаққа жағып жемекші боп жатыр. «Ей, тоқта! Жындысың ба? Одан да пастаны жұмыртқаға жағып же, сонда дәмді болады» деп кеңес бердің. «Тамақ жемес бұрын қолыңды сабындап жу» деп, қалтаңнан үлкен кір сабын бермекші болып едің, аяғың астында жатқан бананның қабығына тайып құладың». Енді осыны тағы бір рет қайтала. Бітті, оны ешқашан ұмытпайсың.
Жаттығу Төменде берілген дүкен заттарын жатап алу үшін жоғарыда айтылғандай ассоциациямен әңгіме құрастыр. ШЕКЕР САРЫМСАҚ ШАЙ КАРТОП ҚАУЫН ЖЕЛІМ ІРІМШІК ТАРАҚ баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |