18:46
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУ ӘДІСТЕРІ

Ассоциация жасағанда ескеру керек шарттар:

Санға, цифрға, затқа, сөзге, тізімге ассоциация жасау кезінде шатасу, қателесу орын алуы мүмкін. Оны болдырмас үшін әрбір бейне есте қалатындай ерекше болуы тиіс. Оның белгілі бір шарттары бар. Яғни ассоциация жасау барысында мынаны есте ұстау керек:

  • Санада құрылған бейнелер үлкен, көлемді болуға тиіс. Үлкен болған сайын оның барлық детальдары анық көрінеді.
  • Барлық образ түрлі түсті болғаны дұрыс. Неғұрлым айқын болса, соғұрлым жақсы.
  • Образ егжей-тегжейлі болу керек. Оны бір метр жерден көре алатындай күйде болу керек. Көзің ашық тұра ма, жабық тұра ма, ол өзіңе байланысты.
  • Ойша суреттеген бейнелерді үлкейтіп, кішірейтіп, жойып жіберіп үйрену керек.
  • Бейнелер қозғалатын болу керек. Сонда оңай, тез жатталады. Мысалы, бір орында тұрған көліктен гөрі, жүріп бара жатқан көлік.
  • Ойша жасалған образдар барынша күлкілі, біртүрлі, ақылға сыймайтын болса, есте бірден сақталады. Мысалы, Ай бетінде кәуап пісіріп отырған Ньютон.
  • Қарапайым немесе абстрактілі нәрсенің орнына неғұрлым анық, түсінікті белгіні қолдансақ, есте сақтау да оңай болады. Мысалы, идеяның орнына жанып тұрған лампа, қауіпті білдіру үшін «СТОП!» деген белгі.
  • Образ жасағанда жағымды бейнені қолдану керек. Себебі ми жағымсыз бейнеге қайта оралғысы келмейді.
  • Ақпаратты нөмірлеудің өзі санада жақсы сақталады.

Өзіңе ыңғайлы ассоциация түрін қолданып, өмірде жиі кездесетін ақпараттарды жаттап алуға болады. Мысалы, қазақ тілінен өтетін 7 септіктің атауын бірден жаттап алу үшін, алғашқы әріптерінен сөйлем құрау керек. Атау, Ілік, Барыс, Табыс, Жатыс, Шығыс, Көмектес: «Ағасы Інісіне Бананнан Тосап Жасаудың Шешімін Көрсетті».

Дәл осылай 9 планетаның атын жаттауға болады: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон – «Мен Шана Жасауды Меңгердім, Юра! Саған Уйретуім Нағыз Парыз».

Мектепте үйреткен ассоциация: Непалдағы Гималай тауының ең биік нүктесі – Эверест шыңы, биіктігі 8848 м.

 

Төмендегі мәтіннен ассоциация құрастыр

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда Қазақ хандығының ордасы болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. Қазір ол – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа ахмет Йассауи кесенесіне барады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йассауи атымен әлемге әйгілі болды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 99 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: