12:03
Жады-нама

ЕСТЕ САҚТАУҒА ЗИЯНЫН ТИГІЗЕТІН НӘРСЕЛЕР

5) Күйзеліс

Депрессия сананы тұмшалап тастайды. Оның тұңғиығынан шығудың оңай жолы – біреуге жақсылық жасау.

 

6) Стресс

Стресстегі адам мен жас адамның санасының деңгейі бірдей. Ылғи стрессте жүру адамды біржола құртып тынады. Ибн Сина жасаған мынадай тәжірибе бар: екі қозыны жайылымға қатар жаяды. Бірақ біреуіне қасқыр көрініп тұрады. Қасқыр қоршауда тұр. Арада көп уақыт өтпей, қасқырды күнде көріп жүрген қозы әбден азып, өліп қалады. Ал қасқырды көрмеген қозы әбден семіреді.

Екінші тәжірибе: итті торға қамап, денесіне әлсіз ток жібереді. Ит қиналып, тордан шығуға тырысады. Алайда бірнеше сағаттан кейін тырмысуын тоқтатады. Токпен әсер етуді тоқтатса да, ит тордан шықпайды. Біріншіден, ит ешқашан тордан шыға алмаймын деп өзін сендіреді. Екіншіден, ток жоғалса да, токпен ұрғандай әсерде қала береді.

Екі тәжірибеден байқағанымыз – стресс ағзаны аямайды. Шектен тыс уайым-қайғы, үрей мен қорқыныш адамды ауру қылады. Сені стресске түсіретін қандай жағдай болмасын, бәрінен арылуға ұмтылу керек. Адам баласына көтере алмайтын, шешілмейтін сынақ берілмейді.

Стресстен арылудың екі жолы бар: терең тыныс алу және денені шынықтыру. Тыныс алғанда демді мұрынмен ішке алып, ауызбен шығару керек. Денені шынықтырғанда күн сайын жаттығу жасап, гантель көтеріп, турникке тартылып, отжимание жасау керек.

 

7) Смартфонға тәуелділік

Бір нәрсенің құлы болу – сананың әбден байланып қалуы. Басын ұмытып кетсе де, смартфонын ұмытпайтын адам бір сәтке телефоннан айырылса, байбаламға салады. Ондай адамның жүйке жүйесі жиі тітіркенеді. Телефоннан шығатын сәуленің өзі оны ұзақ қолынан тастамайтын адамға едәуір зиянын тигізеді.

 

8) Әлеуметтік желіге тәуелділік

Адамның табиғи дағдысы бұзылса, басқа салалары да бұзылады. Адам біреумен бетпе-бет сөйлесуден қалып, әлеуметтік желі арқылы ғана сөйлесе бастаса, оңашалнуға дағдыланып қалады.

 

9) Ұйқысыздық

Бұған дейін аталғандардың ішінде ең зияндысы – осы. Ұйқы кезінде ми салыстырмалы түрде демалады (ми негізінен ешқашан демалмайды). Ояу кезде қабылданған ақпараттарды ұйқы кезінде екшелеп, сақтайды. Ұйқысы қанбаған адам ояу жүрсе де, миы ұйықтап жүреді. Ойы шашыраңқы, қимылы сылбыр, жүйесіз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 134 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: