08:09
Жады-нама

МИДАҒЫ АҚПАРАТТЫ ТАСИТЫН НЕ НӘРСЕ?

1996 жылы жадының молекуласын анықтады. Есте сақтаумен тікелей байланысты жүздеген биохимиялық жүйелердің ішінен ерекше фермент тапты. Бұл фермент нейронның ұштарында орналасып, өздігінен синтезделеді. Басқа жасушалармен байланысады. Егер оны толығымен жойып жіберсе, жады түгелдей істемей қалады. Ал ферменттің көлемін азайтса, жады нашарлайды, ал көбейтсе, есте сақтау да жақсарады. Ғылым деген қандай, иә? Миды қанша зерттесе де, әрдайым жаңа нәрселер ашылып, таңғалдырып жатыр. Тіпті АҚШ-тағы бір зерттеуде бір нейронның дженнифер Энистон (әртіс, Friends сериалында Рейчелдің рөлім сомдаушы) туралы ақпаратқа жауапты екенін анықтаған. Пациенттің сол нейронына әсер етсе, ол Дженнифер туралы айта бастайды.  

 

ЖАДЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҚАНША?

Нейрофизиологтар әлі күнге жадының көлемін есептеп таба алмай келеді. Олардың қолынанкелгені – жадысы ең мықты адамның есте сақтау қабілетімен салыстыру. Жадысы әдеттегіден ерекше адамды савант дейді. Олар басынан соққы алғаннан немесе солай өмірге келуі мүмкін. Адам басындағы 100 млрд нейронның бір милларды ақпарат сақтауға кетеді. Салыстырмалы түрде алғанда егер жадының көлемі жағынан есептесек, адамның миы бірнеше петабайттан тұрады деуге болады. Ал бір петабайттың көлемі: МР3 форматтағы музыкалық файлды 2000 жыл бойы ойнатып қойғанға тең. Ойлап көрші, басыңда қандай алып қойма жатыр.

 

  НЕГЕ БІЗ БАРЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ЕСТЕ САҚТАМАЙМЫЗ?

Адамның жадысында ешқандай ақау жоқ. Оған қанша ақпарат салсақ та, толтыра алмаймыз. Ендеше, неге барлық ақпаратты қажет кезінде еске түсіре алмаймыз өйткені біз секунд сайын миға түсетін 400 млрд бит ақпараттың бәрін өңдеп үлгере алмаймыз. Тек өзіміз мән берген, өмірімізге әсер еткен, қызық деп тапқандарын ғана өңдейміз. Яғни бүкіл ақпаратты сақтап не жазып үлгере алмаймыз. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 107 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: