09:18
Жады-нама

МИЫ БЕЛСЕНДІЛЕР ҰЗАҚ ӨМІР СҮРЕДІ

Ми жұмысын сәтті жүргізген адамдардың ғұмыр жасы ұзақ болған. Кейінгі зерттеулерден де білеміз, миы әрдайым белсенді болған адамдар жай адамға қарағанда ұзақ өмір сүреді. Әрі ми ауруларына сирек ұшырайды. Миы саудың тәні сау, тәні саудың жаны сау. Мысалы, И.П.Павлов ғалым 86 жыл, Толстой 82 жыл, Кант 81 жыл, Платон 81 жыл, ньютон 84 жыл, Гете 82 жыл, Эдисон 82 жыл, Пифагор 76 жыл, Галилей 79 жылы, Сенека 70 жыл өмір сүрген.

Бұның ішінде Пифагор, Сенека, Платонның замандастарының орташа өмір сүру ұзақтығы 30-35 жыл болған. Мидың жұмысы барлық органға әсер етіп, салауатты өмір сүру салтын ұстануға сеп болады. Кант пен Сенека бала кезінде өте әлсіз, аурушаң болған екен. Алада орта жаста біліммен шұғылдана келе, екеуі де зіңгіттей жігіт болып, денсаулығын шыңдай білген.

Ал Луи Пастердің оқиғасы тіпті қызық. 40 жасында миына қан құйылған ғалым ауруға берілмей, мидың өзін әбден зерттепті. Одан кейінгі 30 жылында адамзат үшін өте үлкен жаңалықтар ашты. Соның арқасында құтыру, қызамық, сібір жарасына қарсы дәрі табылды.

 

МИЫ 20 ЖАСТА, ӨЗІ 100 ЖАСТАҒЫ ҒАЛЫМ

Рита Леви-Монтальчини – италиялық нейробиолог, медицина саласында Нобель сыйлығының лауреаты. Оның 100-ге толған шағында алынған сұхбаттан үзінді.

«Миыңыз қалай?»

«Тура жиырма жастағы кезімдегідей. Алжу да, ұмыту да атымен жоқ. Ертең медициналық конгресске ұшып барамын.»

«Бірақ мидың да бір шегі бар шығар?»

«Жоқ. Менің миыма 100 жыл толды, бірақ она кәріліктің бір белгісі жоқ. Иә, менің денем қартайып жатыр, оны тоқтату мүмкін емес. ал миымда ол жоқ.»

«Бұған қалай қол жеткізіп жатырсыз?»

«Адамның миы өте икемді. Кейбір нейрондар өлсе де, өзгелері соның қызметін жүргізе береді. Ол үшін оларды ынталандыру керек.»

«Сонда қалай?»

«Миды ылғи қозғап отыру керек. Белсенді қызметін тоқтатпау керек. Сонда ол ешқашан қартаймайды.»

 

  НЕГЕ БІРЕУ СИНУСТЫ ЖАҚСЫ ЖАТТАП АЛАДЫ? АЛ БІРЕУ КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІН БІЛМЕЙДІ, БІРАҚ ӨЛЕҢДЕРДІ ЖАТҚА СОҒАДЫ?

Біздің басымыздағы нейронның гені бар. Олардың ұйықтап жатқандарын оятып, белсенділігін арттыруға болады. Белсендендірілген нейрондар өсіп, жаңа байланыс құра алады. Бұл феноменді зерттейтін ғылымды эпигенетика деп атайды.

Миына зақым түскен адамға да осы жетістікті қолданады. Яғни зақымданған нейрондардың орнын ауыстыру үшін қажетті гендерді оятады. Адамның белгілі бір эмоциясын оятатын гендерді іске қосуға болады. Эмоциядан гормон пайда болады. Яғни ағза өзіне қажетті гормонды өзі бөле алады. Ол үшін арнайы дәрі ішудің қажеті жоқ.

Осы эпигенетика арқылы геннің белсенділігін құбылту арқылы адамның есте сақтау қабілетін төмендетіп немесе арттыруға да болатынын ғылым бүгінде анықтап отыр. Жаңа ақпаратты толығымен ұзақмерзімді жадыға сақтауға төрт сағат уақыт кетеді екен. Өміріңде бір қызық оқиға болғанда, оны сақтау үшін мида терезе ашылады. Не үшін ақпарат сақталуға төрт сағат кетеді? Қазіргі ғылымның зерттеуінше, есте сақтауға жоғарыда айтқан гендер қатысады. Осы төрт сағат ішінде гендер өзінің белсенділігін арттыру арқылы ақпаратты сақтайды. Сосын терезе жабылады. Геннің белсенділігінің өзгеруі – ақпараттың ұзақмерзімді жадыға сақталуын білдіреді.

Бұл геннің өзгеруіне адамның эмоциясы тікелей қатысты. Егер ақпаратты қызық деп тапсаң, терезе ашылады, гендер өзгереді, сөйтіп ақпарат ұзаөмерзімге сақталады. Егер ақпарат қызық болмаса, онда терезе мүлдем ашылмайды. Сол үшін біреу көбейту кестесін жатқа білмесе де, ақындардың өлеңін жаттап алуға құмар. Өйткені оған қызық. Ал біреуге өлең мүлдем қызық емес, бірақ тригонометрияның формулаларын ұмытпайды. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 129 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: