12:45
Туыстық атаулар сыры

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Көрші – қатар отырған екі отбасы бірін-бірі көрші деп атайды. Туған-туыстыққа ешқандай қатысы жоқ болса да әр отбасы үшін көршінің орны бөлек. Бұл отбасылар құдайы көршіміз деп бірін-бірі өте қатты сыйлайды. Қолда барын бөлісіп, араласып отырады. Олардың балалары да тату болады. Үй иесі бір жаққа сапарға шықса, бар дүние-мүлкін, кілтін көршісіне сеніп тапсырады. Және бұл сенім қазақта ешқашан бұзылған емес.

Халқымызда көрші хақысы деген ұлағатты сөз бар. Бұл көршінің қасиетін, биік орнын білдіретін үлкен ұғым, зор баға.

Жақсы көрші – туыстан еш кем емес. «Көмегі жоқ әкеден көршің жақсы саналар» деген Қ.Айнабековтың толғауы осыны толық дәлелдейді. Көршілердің бірі көшіп кете қалса, олар айрылар көжеге шақырып, қимас көңілін білдіреді.

  • Көршің үшін намазаыңды бұз.
  • Көршің шақырғанда бір жеңіңді киіп, бір жеңіңді кимей бар.

 

Ілік, жекжат (ер, әйел) – туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашысының бөлесі, жиеннің балдызы тағы сол сияқты басқа жанама туыстық қатысы бар адамдар арқылы жақындасатын адамдарды «ілік» деп атайды. Олар нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық хұқықтарды талап ете алмайды.

  • Құданың құдасы – құнан қойдың сорпасы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 207 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: