16:34
Туыстық атаулар сыры

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Құрбы (ер, әйел) – жастары шамалас адамдарды құрбы дейді. Құрбы-құрдас дегеннің өзі осы сөзді анықтап тұр.

 

Құрдас (ер, әйел) – туысқандығына, іліктік қатынасына қарамастан бір жылғы туған адамдар «құрдас» деп аталады. Құрдастар жаны – дос, сөзі – ақ дегендей бір-бірімен қатты қалжыңдасады. Тіпті, құрдасы сол жерде жоқ болса да сырттай отырып, қалжыңдай береді. Олар ол сөзді кектемейді. «Әкесі құрдастың, баласы құрдас» деп бұлардың әйелдері де құрдас деп есептеп, олардың атын айтпай «құрдас» деп құрметтеп отырады, әзілін де айта отырады.

Құрдастардың балалары оларды «әке» деп сыйлауы керек. Тағы бір айта кететін қызық жайт: осындай құрдастық қалжың түркі халықтарының ішінде қазақ халқында ғана бар екен. Құрдастар назы, сөзі бір-біріне өтімді болады.

Жасы үлкенді-кішілі болса да, бірін-бірі құрдастай қажап, қалжыңдасып отыратын адамдар да болады. Қазақта мұндайды «жанқұрдас» деп атайды.

  • Әкесі құрдастың – баласы құрдас.
  • Көп жасаған құрдасынан айырылады.
  • Көргенсізбен құрдас болма,

Опасызбен сырлас болма.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 218 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: