17:04
Туыстық атаулар сыры

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Қолқанат (бала) – алып кел, барып келге жараған 4-5 жасар сәбиді қолқанат дейді. Оның сол жұмысқа жарағанына үлкендер риза болып оларды қолқанатым деп сүйсініп, қуанып отырады.

 

Дос (ер, әйел) – екі адамның бір-бірімен сыр жасырмай, сыйласып, қиын сәтте қол ұшын беріп пікір мен мақсаты, арман-мүддесі бір жерден шықса, оларды «дос» дейді. Достықтың белгісі – екі адамның уәделесіп, қол беріп, төс түйістіруі. Қазақта «төс түйістірген доспыз» деген аталы сөз бар. Олар қайда жүрсе де бірін-бірі ұмытпай, демеп жүреді. Адамды кейде досына қарап та бағалауға болады. Айрылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.

  • Досты періште қосады,

Құданы Құдай қосады.

  • Жаман дос –көлеңке:

Басыңа күн түссе қашып құтыла алмайсың,

Бұлт қонса іздеп таба алмайсың.

 

Тамыр (ер)екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос, сыйлас болып, алыс-беріс жасаса, құрмет тұтса, мұны «тамыр» деп атайды. Олардың бір-біріне сенімі мен достығы өте берік болады.

  • Қырық атан ұстама,

Қырық тамыр ұста.

  • Тамыр түбі – дау,

Құрбы түбі – жау.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 212 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: