15:13
Туыстық атаулар сыры

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Серік (ер, әйел) – халық ажғыздықты, жалғыз жүруді қаламаған. Үйде де, түзде де өзіне серік іздеген. Сондықтан әр адамға қайда жүрсе де, сенімді серіктің орны бөлек. Демек, серік дегеніміз жанға демеу бола алатын жақсы адам. Ол әр жерде, әсіресе сапарда жанашыр, қамқор, сүйеніші, пана, әрі демеуші. Қазақтың баласына Серік деп ат қою да осыдан шыққаны әркімге аян болса керек.

  • Серігің сергек болсын.
  • Ер серігі – бес қару.

 

Жолдас – бұрырғы кезде бағыты бір, сапарлас адамдарды жолы бір болған соң «жолдас» деп атаған. Қазір жолдас та «дос» мағынасында қолданып жүр. Жолы бір болғанмен танымайтын адамдар да бір-біріне қарасып, қол ұшын беріп қарайласа жүреді. Мұны үй жолдас деп атайды.

  • Жолға шықсаң жолдасыңды сайлап ал.
  • Жолдасы жақсының жолы болады.
  • Жаман жолдас жолда қалдырады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 214 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: