15:17
Туыстық атаулар сыры

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Бәйбіше (әйел) – бірінші әйел деген ұғымды білдіреді. ХХ ғасыр басына дейін ауқатты ер адамдар бірнеше әйел алған. Ол кездегі әлеуметтік-саяси жағдайды талдай қарасақ, мұның дәлелді себептері де бар. Біріншіден, шариғат жолымен әр мұсылман ер адамға төрт әйел алуға рұқсат етілген. Екіншіден, ол кезде барлық шаруашылық тек қолмен атқарылатын болғандықтан, мысалы, үй жабдығы, ас әзірлеу, мал бағы, бала тәрбиесі, қонақ күту, киім-кешек, төсек орын дайындау сияқты аса күрделі істерді бір әйел атқара алмаған. Осындай себептен бір үйде бірнеше әйел болған және олар жоғарыдағы міндетті бөліп атқарған.

Бірінші әйел бәйбіше деп аталып, үй іші шаруашылығын сол атқарған. Кейінгі әйелдерге қарағанда оның әмірі, билігі үстемдеу, күйеуіне сөзі өтімді болған. Бәйбішеден туған балалар да өктем, жол-жоралғы да соларға тиген.

  • Бірінші әйел – шекер,

Екінші әйел – бекер.

  • Мал бәйбішенікі, бай тоқалдікі.

 

Тоқал (әйел) – екінші я үшінші әйел деген сөз. Бәйбішеге қарағанда оның құқы төмен және бәйбіше тоқалға жәбір беріп, қатаң ұстаған.

Тоқалдан туған балалар бәйбішенің балаларынан төмен саналған. Кейде есе тимеген біреулер «Біз тоқалдан туыппыз ба?» деп өкпелеп қалатынын да сондықтан. Алайда бәйбішенің бәрі жақсы, тоқалдың бәрі жаман бола бермейтінін өмір талай дәлелдеген.

  • Жаман қатын алғанның жауы үйінде,

Екі қатын алғанның дауы үйінде.

  • Екі әйелдің баласы екі рулы ел.
  • Тоқалдан туғандай.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 219 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: