19:28 Туыстық атаулар сыры |
Жеке атаулар мен іліктік сөздер Қолбала (әйел) – бұрынғы кездерде біреулер туыстық жақындығы жоқ жетім қыздарды асырап, тәрбиелеп өсірген, әртүрлі үй жұмысына пайдаланған. Оны қолбала деп атаған. Ол өсіп, бой жетіп, кәмелетке толған соң асыраушы адам өзінің інісіне, баласына әйелдікке әперген.
Қатын (әйел) – әйел деген сөздің аттасы. Қазақ кейде Пәлеңшекеңнің әйелі дегенді Пәлеңшекеңнің қатыны деп те айта береді. Ерсілеу естілгенімен ертеректегі түркі ұғымында хан, ақсүйектер әйелдеріне ғана тән құрметті атау болған. Мысалы, ертедегі Орхон-Енисей түркі ескерткішінде анам-қатын деген мақтау жолдары бар. ХІІІ ғасырда Орта Азияда тұрқан қатын деп аталған әйелдер падишасы болған. Татарстанның әйелдерге арналған көркем-әдеби журналдың аты «Азат Қатын».
Жаман қатын – бейнет. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |