15:56
Туыстық атаулар сыры

Жеке атаулар мен іліктік сөздер

Жігіт (ер) – кәмелетке толған ер азамат, бозбаладан бастап ел ағасы жасына дейінгі адамдарды жігіт дейді. Жігіт – азаматтықтың, ерліктің, тектіліктің үлгісі, елдің қорғаны, мақтанышы, сенімді азаматы әрі тірегі. Жігіт – зор атақ. Жігіт болып туып, сол ардақты атты алып жүре алмаған адамды ел-жұрт «мігіт» деп кеміткен.

  • Жігітті ел мақтаған – қыз жақтаған.
  • Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы.
  • Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 215 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: