11:41 Туыстық атаулар сыры |
Әмеңгер (ер) – күйеуі қайтыс болған әйелдің иесі және оны әйелдікке алуға хақы бар адам. Қазақ дәстүрі мен заңы бойынша әмеңгерлікке қайтыс болған адамның туған немесе жақын қайнағалары мен қайнылары жатады. Бұл жерде олардың жасы мен дәулеті, отбасылық жайы және ескеріледі. Кейде жесір әйелге таңдау да беріледі. Мұндай жағдай халық ішінде жиі кездеседі. Мұның әлеуметтік, қоғамдық, ұлттық салт-сана жағынан да зор тәрбиелік рөлі бар. Мысалы, біріншіден, әйел панасыз болмайды (және қазақ әйелі өзінің алғаш келін болып түскен жерін қимайтын жақсы әдеті бар). Екіншіден, бала басқа жердегідей шетақпай көрмей, өз ағайын-туыстарының ортасында өседі. Үшіншіден, дала заңы бойынша әйел ерден кетсе де, елден кетпейді. Төртіншіден, алдымен дәстүрді, салтты, бүкіл рулы елді сыйлайтын әдепті қазақ әйелі бұл ғұрыпты аттап өтпейді. Шариғат жолында қайтыс болған жігіттің әкесі келініне әмеңгер бола алмайды.
Балалы әйел елден кетпес.
әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |