23:12 Туыстық атаулар сыры |
Кіндік шеше (әйел) – нәресте туғанда оныңкіндігін кескен әйел осылай деп аталады. Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады. Кіндік шешеге кіндік кескені үшін жылқы, сиыр тағы басқа мал, қымбат бұйым беріледі. Бала үшін кіндік шеше өте қадірлі адам. Оны өз анасынан кем санауға болмайды. Академик Қ.Сәтбаев басқа жаққа уақыт таппаса да кіндік шеешсіне жылына бір барып сәлем беріп, оның сыбағасы мен сый-сияпатын апарып беріп тұрған. Кіндік шешенің баланың өз шешесімен таласып, «бұл менің балам» деп айтысып жататын кездері де болады. Тәлім-тәрбие, дәстүрде кіндік шешенің орны бөлек екенін ұмытпаған жөн және балаларға кіндік шешесін таныстырып қою керек. Бала кіндік шешеге де тартады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |