12:27 Туыстық атаулар сыры |
Келін (әйел) – інінің әйелі «келін» деп аталады. Бала мен немеренің әйелі «келін бала» болады. Бүкіл ауылдағы жолы кіші адам да осы келін. Дәстүр бойынша ол кездескенде өзінің күйеуінен үлкендердің бәріне де орнынан тұрып, иіліп сәлем жасауға тиіс және төменгі орынға отырады. Ата, қайынағалары отырған жерге кірмейді. Мұндай жасты ел «ибалы», «әдепті» келін деп жақсы көрген. Жаңа түскен келінді бөтенсітпей құрметтеп, сыйлап, жаңа ортаға тарта білуі, тәрбиелеуі керек. Қателігіне кешіріммен қараған жөн. Қатты сөз айтып, жекуге мүлде болмайды. Ата-ене оған жылы сөйлеген жөн. Қазақ халқы «жақсы үйге түскен келін – келін, жаман үйге түскен келін – келсап» деп мақалдаған. Бұрын жаңа түскен келін бір жылға дейін өз үйіне баруға рұқсат етілмеген. Мұның тәрибелік, халықтық мәні бар. «Келіннің – аяғынан, қойшының – таяғынан» деген ырым да келін үшін үлкен сын.
әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |