23:09 Туыстық атаулар сыры |
Қайын іні (ер) – жеңгелер үшін күйеуінен (және оның туыстарының да) жасы кіші ұл (жігіт) оның қайын інісі болып саналады.
Қайын сіңілі (әйел) – жеңгелер үшін күйеуінен (және оның туыстарының да) жасы кіші қыз қайынсіңілі болып саналады. Қайын іні мен қайын сіңілі жеңгесін ерекше сыйлап, қадірлеуі, оған еркелеуі керек. Бұлар әзіл-қалжыңы жарасқан, сыйлас, тату, қамқор, ақылшы болғаны жөн. Жеңге қамықса – қамқоршы, жабықса – жанашыры да осылар. Олар жеңгенің жақсы ісін ата-енелері мен күйеуі, басқа адамдар алдында мақтап отыруды ұмтыпағаны жөн. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |