14:45
Тіл тарихы

ЖАЗУ мен ҚОҒАМ

Қоғам қанша жыл өмір сүреді? Қазіргі қоғамның жасы қаншада? Бұған дейін Мысыр мен Қытай елдерінің пайда болғанына үш мың жылдан астам уақыт болғанын айттық. Бұған күмән келтіруге болады, өйткені еуі ел де өз тарихында шетелдік билеушілердің қоластында болды. Дегенмен бүгінгі Қытай қоғамы Конфуций ілімінің маңызды ықпалын әлі де сақтауда. Кейінгі мысырлықтар тура ежелгі мысырлықтардай иероглифпен жазып, әруақтарға табынған, олардың қоғамдық құрылымдары мен дәстүрлері ұзақ уақыт бойы сақталып келуі мүмкін.

Дегенмен жазу өткенді білу үшін де, келер ұрпаққа ойлар мен жетістіктерді жеткізу үшін де керек. Жазуы бар қоғам өз халқының өмір тәжірибесінің дерекқорына ие. Ол қор өте үлкен әрі құнды бола алады. Қытайдың көршілері көрсеткендей, өзге тілді қоғамдар оның қажетті бөлігін өздеріне сіңіріп алады.

Мысыр мен Қытай бұған дейін суреттелген терімшілер мен аңшылар қоғамынан шалғайда орналасқан. Терімшілер мен аңшылар қоғамында тіл тағдыры бірнеше жүздеген адамның қолында. Жастар бар білімді өздерінің көсемдері мен үлкендерден алып отырады. Мұндай қоғамдарда топтық сәйкестік пен бір топқа жату сезімі өте күшті болуы мүмкін, бірақ ол түрленіп дамымайды, ұзаққа да бармайды. Жазу болмаған жерде тіл қолданушылардың азғантай ғана тобы дәстүрлер мен идеялардың көбін сақтап, өзгелерге жеткізе алмайды.

Ал Мысыр мен Қытайда ол мүмкін болды және орындалды да. Бұл екі елдің тарихы да сабақтастығымен белгілі. Сондай-ақ консерватизм де бар, өйткені қоғамдық өмірдің маңызды аспектілері мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз қалып келеді. Қытай тілінде «Қытай» деген сөзді білдерін иероглиф мынаны білдіреді: бірінші символ – чжун деген сөздің таңбасы, ол «орталық», «ортада» деген мағына береді; екінші символ – гуо деген сөздің таңбасы, «ел», «мемлекет» дегенді білдіреді. Ертерек кезеңдерде «Чжунгуо» деген сөз «орталық мемлекет» деген мағына берген. Ағылшын тілінде әдетте «Орталық патша» деп аталады. Бұл атау екі мыңнан астам жыл бұрын тарап кетті. Ол кезде бұл мемлекет қытай тілінде осы атаумен көптен белгілі болатын. Өзге де көптеген маңызды ұғымдардың тағдыры осылай.

Мұның жақсы жақтары да бар, бірақ өзгеруге дайын тұру жақсы болмас па еді деген сұрақ туындауы мүмкін. Қытайда өткен ғасыр түбегейлі өзгерістер ғасыры болды. Бұл өзгерістер қытай тілін қолдануға да қатысты. Жалпылама айтқанда, проблемалардың бәрін кітаптан қарап шешуге болмайды. Терімшілер мен аңшылар ауыздан-ауызға жеткен шектеулі ақпараттан керегін алады, бірақ олар күтпеген сәттіліктен мол тәжірибе жинақтауы да мүмкін. Мұндай қабілет барлық қоғамға керек. Жазу дәстүрі тым үстем болса, ол қабілеттің әлсірейтіні белгілі.

Бұл – көп адамға тән пікір. Батыстың кейбір жазушылары Мысыр мен Қытайды мысал етіп, олардың жазу жүйесіне сілтеме жасайды. Ол екеуінде де сөздердің символдары бар, дыбыстардікі жоқ. мұндай жүйелер тілдегі міндетті түрде болатын өзгерістерге онша илікпейді, сондықтан иероглифтер тір мағына мен бір ұғымды беруін ұзақ уақыт бойы жалғастыра береді. Сондай-ақ мұндай жазуларды үйрену де қиын. Оны жақсы үйреніп, толық меңгеру үшін көп оқып, жаттығу керек. Бұл жазулар консерватизм мен жаттандылыққа негізделген, шығармашылыққа жол бермейді деген де көзқарас бар.

Солай да шығар, бірақ оған бұлтартпас дәлел жоқ. қалай болғанда да, мысырлықтар мн қытайлар өздеріне көптен бері қызмет етіп келген жазу жүйесі арқылы үлкен жетістіктерге жеткен, талай тарихын сақтап қалған. Ғалымдар дүниежүзіндегі жазулардың әртүрлі тұрғыдан қарағандағы қызметіне салыстырмалы зерттеулер жүргізіпті, бірақ ешқандац анық жауап ала алмаған. Әр жазудың жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Оның үстіне, жазуды тіл мен мәдениеттен бөлек алып қарауға болмайды, мәселен, қытай жазуының ағылшын тіліндегі ойды жеткізуін көруге тырысу – ақылға сыймайтын іс.      

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 197 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: