08:28
Тіл тарихы

КӨРШІЛЕР

Қытайдың дамыған мәдениетінің зардабын оның айналасындағы елдер мен халықтар тартып келеді. Доминант мәдениеттің ықпалы көбінесе шешуші рөл атқарады, техникалық инновациялар, қоғамдық модельдер, философия мен діни идеялардың бәрі экспортталды. Көрші елдердегі маңызды адамдардың бәрі қытай тілін жақсы білді, қытай мәдениетін, философиясын және әдебиетін білу білімділікпен парапар болды.

Қазіргі Вьетнамның солтүстік бөлігі бір кездері Қытайдікі болған. Ол жерде кейіннен пайда болған мемлекет Қытаймен ХІХ ғасырдағы француз басқыншылығына дейін тығыз қатынасты. Жазба тіл ретінде ұзақ уақыт бойы тек қытай тілі қолданылды. Вьетнам тілі қытай тіліне мүлде ұқсамайды, бірақ дыбыстық құрылымы ұқсас, сондықтан қытай жазуын вьетнам тіліне бейімдеу түк те қиын болған жоқ. XIV ғасырда сондай бейімделген жазу ортақ қолданысқа енді. Француз басқыншылығы кезінде оны латын алфавиті ығыстырып шығарды. Қазіргі вьетнам тіліндегі жазу латын алфавитіне негізделген. Қытайдың солтүстік-шығысындағы Корея ұзақ уақыт бойы көршісіне бағынған жоқ, бірақ бұл елге бұрын-соңды енген өзге әсерлердің бәрі оңтүстік-батыстан келген.

Корей тілі қытай тіліне ұқсамайды, бірақ корей мәтіндері алғаш рет б.з.д. V ғасырда қытай жазуымен жазылды. Одан кейін бірнеше ғасыр өткен соң, корей тілінде кездесетін, бірақ қытай тілінде жоқ көптеген жалғаулар мен грамматикалық бөлшектерге арнап толық жүйе жасалды. Жазуды жеңілдету үшін, корейлер сөздердің арасына арнайы белгілер қойып, қытай тілінде жазды.

XV ғасырда таза силлабикалық корей жазуы ойлап шығарылды. Тілдегі дыбыстарды күрделі де өте әдемі жолмен таңбалағаны үшін лингвистер оған тәнті болды. Хангыл деп аталатын бұл иероглифтерді қытай иероглифтерімен қатар қолдануға да, қытай жазуының орнына қолдануға да болады. Хангыл біртіндеп үстемдік құрды. Солтүстік Кореяда тек хангылды қолданады, ал Оңтүстік Кореяда қытай иероглифтері кейбір мәтіндерде әлі де кездеседі.

Кореяның оңтүстік-шығысында Жапония орналасқан. Қытай өркениетінің алғашқы жетістіктерін жапондарға корейлер үйретті. Біздің заманымыздың VII ғасырынан бастап жапондарда қытайлармен байланыстыратын тікелей каналдар болды. Бұл буддизмнің Қытайдан таралып, Жапониядағы үстем дінге айналуына да байланысты. Қытай мәдениеті, сөздері мен жазуы импортталды. Бірақ жапон тілі де – қытай тілінен мүлде бөлек тіл. Жапондар қытай иероглифтерін (қытай иероглифтеріне ұқсас жапондардың өздері ойлап тапқан) буынды білдіретін иероглифтермен қоса қолданады. Жапон жазуы – корей жазуынан анағұрлым күрделі, «катакана» және «хирагана» деп аталатын буындардың екі дискретті топтамасы. Ол екеуін қытай мәнерінің «кан-дзи» деген символдарымен біріктіруге болады.

Сөйтіп, Қытайдың үш ең маңызды көршісі қытай тілінің ықпалына қатты ұшыраған. Олар бірнеше ғасыр бойы қытай тілінен жазу технологиясын, сөздердің ұғымы мен символын көптеп енгізген. Бұл елдердің ешқайсысында (ерте кездегі Вьетнамнан өзге) қытай тілінде сөйлейтін аз ұлттар болған жоқ, бірақ жоғары дамыған Қытай соған қарамастан, өз тілінің маңызды аспектілерін сыртқа таратып отырды, ал көрші елдер оны өз мәдениетіне сіңірді.     

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 191 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: