17:05
Тіл тарихы

БАСҚАША ЖАЗУ

Мысыр әріптері сияқты қытай әріптері де суреттерден пайда болған. Мұның кейбір  айталық, «сәби» деген ұғымды білдіретін иероглиф аяғы құндақтаулы балаға ұқсайды, ал «балық» ұғымын білдіретін иероглиф түрлі балықтарды бейнелейтін суреттер арқылы берілген. Бірақ көптеген иероглифтер о бастан кәдуілгі пішінге ие болды.

Мысырлықтар белгілі бір сөзді білдіретін сурет таппағанда, сол сөздің құрамындағы бірнеше дауыссыз дыбысты қосып, араластырып берген. Қытайлар мұндай әдісті қолдана алмады, өйткені олардың тілі мысыр тілінен және еуропалық тілдердің бәрінен бір маңызды қасиетімен қатты ерекшеленеді. Қытай тілінде әр буын мағына беруі мүмкін, бірақ жалғыз тұрған дауыссыз дыбыс еш мағына бере алмайды. Ағылшын тілінде бұлай емес, мысалы “cow” сөзі мағына беретін бір буыннан тұрады, бірақ бір буыннан тұратын “cows” сөзі де  cow және  -s әрпінен құралып, «сиыр» деген сөздің көпше түрін, яғни «сиырлар» дегенді білдіреді. Қытай тілінде көпше түрді білдіргіңіз келсе, тәуелсіз буын жалғау керек болады. Буындар тілдің бөлінбейтін бөлшегі тәрізді, сондықтан символ буынмен байланыса алады, бірақ жалғз тұрған дауыссыз дыбыспен байланыспайды. Ағылшын тілінде және өзге де Еуропа тілдерінде дауыссыз дыбыстардың символы жоқ жүйе іске жарамсыз болар еді. Өйткені бұл тілдерде дауыстылар мен дауыссыздар араласа қосылып, шексіз буын санын жасап береді.

Дегенмен қытай тілінде буын онша көп емес. Заманауи стандарт қытай тілінде ерекшелейтін төрт үнді (тон) санамағанда, тек 420 буын бар. Егер төрт үнді ескерсек, буын саны 1300-ге таяу. Буында тек бір дауыссыз дыбыс дауысты дыбыстың алдында, бір дауыссыз дыбыс артында тұруы мүмкін. Бірақ сөздің соңында бірнеше дауыссыз келе береді, атап айтқанда: -m, -ng және -r.

Қытай тіліндегі ұйғарынды буындар саны ағылшын тілімен салыстырғанда анағұрлым төмен. Олар жеткізілуі керек мағынаның бәрін бере алатындай көп емес. Буындардың көбі бір-бірімен байланысы жоқ мағынаға ие.

Ағылшын тілінде де солай. Мысалы, lime сөзі «тропиктік жеміс», «жөке ағашы», «қальций оксиді» деген ұғымдарға қатысты айтылуы мүмкін. Ал қытай тілінде бір буынды сөздердің басм бөлігі осындай көп мағына береді. Осыған байланысты қытай жазуы барлық буындарды бейнелеу әдісіне және түрлі мағыналарды бір-бірінен айыру әдісіне мұқтаж. Қытай жазуы жүйесінде бұл екі әдіс те бар.

Бұл былай іске асады: біз yang деп жазсақ, ол «қой» немесе «мұхит», немесе «тәлімсу», немесе «еріту», немесе «қоңыз» дегенді білдіреді. «Қой» деген мағына беретін иероглифті өзге иероглифтермен қатар қойып, басқа мағына беру үшін де қолданады. «Мұхит» сөзінің иероглифі – «қой» деген мағынаның дыбысталуы мен «су» деген иероглифтің қосындысы. «Еріту» деген сөздің иероглифінің құрамында оның дыбысталуының символы және «от» деген сөздің иероглифі бар. «Тәлімсу» және «қоңыз» сөздерінің иероглифі де осындай принциппен қалыптасқан: yang сөзінің дыбысталуын да сол иероглиф көрсетеді, бірақ мағынаның өзге қырлары құрамдас иероглифтің өзге бөлігімен беріледі.

Бұл жүйе мысыр жазуындағы анықтағыштарға өте ұқсас. Қытай белгілерін де кейде «анықтағыштар» деп атайды, бірақ әдетте оларды «кілттер» (иероглифика) немесе «радикалдар» деп атайды. Бұл комбинатор жүйе қанша символ керек болса, сонша символ жасауға мүмкіндік береді.

Әрине, оларды үйрену оңайға соқпайды, сол үшін негізгі иероглифтердің шектеулі тізімі жасалған. Қазіргі қытай тілінде қолданыста 200 радикал және дыбысталымды білдіретін 1000 символ ғана бар. Әр таңба мағынаға ие буынды білдіреді, оны сөз ретінде қолдануға болады (кейбіреулерін айтпағанда).

Әрине, буындарды қосып, құрама сөздер жасауға болады, сосын оның әр буынын бір иероглиф береді. Мысалы, транскрипцияның әдеттегі конвенцияы бойынша, Қытай астанасы Бейжің қаласын солай жазуға болады. Қытай тілінде астана атауы былай: символы bey депайтылады, «солтүстік» деген мағына береді, jing деп дыбысталатыны «астана» дегенді білдіреді. Сөйтіп, «Бейжің» деген сөз «солтүстік астана» болып шығады. Бұл жазу жүйесінің басты құрылымы ежелден қалыптасқан, содан бері бір рет те өзгертілген жоқ.

Қазіргі қытай тілі де осылай жұмыс істейді. Бірақ өткен мыңжылдықта иероглифтердің сыртқы бейнесіне, иероглиф жасау әдісіне, вариациялардың кендігіне және басқа да көптеген жайттарға қатысты үлкен өзгерістер жасалды. 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 202 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: