15:17
Тіл тарихы

ИЕРОГЛИФТЕР

Сына жазуларына интерпретация жасау оңай болмаған, өйткені кей символдар өз бейнесінің мағынасын, кейбірі сөздің дыбыстық бейнесін беруі мүмкін. Сондықтан «анықтағыштар» деп аталатын түсіндірме таңбалар болған. Оларды не айтпақшы болғанын түсіндіру үшін «жазылған» сөзден кейін орналастырған. Анықтағыштарды да таңбалармен бейнелеген. Мысалы, «күн» сөзінің символы жарық, уақыт, маусым ұғымдарымен байланысты барлық сөздерді анықтайды. Сөйтіп, белгілі бір сөздің уақыт, соның ішінде «қыс « екенін білдіру үшін, алдымен кірер тұсы бар төрт бұрыш пен жартылай шеңбер таңбаларын жазып, одан кейін ортасында нүктесі бар дөңгелек дегенді қойғанда «қыс» деген ұғымды білдіретін prt деген сөз пайда болады.

Мұның бәрі күрделі сияқты көрінеді, солайы солай да. Иероглифті оқып және жазып үйрену үшін көп уақыт керек, сондықтан бұл өнерді халықтың тек аз ғана бөлігі меңгерді. Зерттеушілер Ежелгі Мысырда әр жүз адамның біреуі ғана оқи және жаза білгенін айтады.

Мұндай білімі барлардың кейбірі қоғамның жоғарғы тап өкілдері болатын, бірақ көбі оқу мен жазуды мамандық еткен хатшылар мен бітікшілер еді. Олар салық салумен ғана емес, ресми хат жазысу мен есеп-қисап, бухгалтериямен де айналысты. Қарапайым адамдар перғауындарды немесе өзге де маңызды адамдарды ұлықтайтын жазуларды, құлпытастарды жиі көретін. Бірақ олардан өзге, бүкіл оқырман қауым оқитын мәтін жоқтың қасы болды.

Ежелгі Мысырдаы лингвистикалық жағдай туралы көп білмейміз. Ол кездегі мысырлықтар мемлекеттің ресми шаруасынан өзге жайттарды аз жазғандықтан, бізге бұрынғы өткен ғасырлардың өмір-тіршілігі туралы деректер көп жеткен жоқ.

Жазба тілді білетіндер аз болғандықтан, ол ауызекі тілге айтарлықтай қатты әсер ете алмады. Қазіргі заманда жазба тіл үлгі ретінде, тіпті сөйлеген кезде еліктеуге тұрарлық идеал ретінде қарастырылады. Ал ежелдегі сауатты адамдар аз қоғамда жазба тілдің қадірі аса сезілмеді.

Мысыртанушы ғалымдар патшалықтың үш мың жылдық тарихында ауызекі тілдің өте қатты өзгергенін айтады. Бірақ иероглифтік жазу ұзақ уақыт бойы онша өзгермеді. Ол шамамен б.з.д. үшінші мыңжылдықтың орта шенінен б.з.д. 400 жылдарына дейін айтарлықтай өзгерген жоқ. Сол кезде өзге жазу жүйелері пайда болып, олардың бәрі бірдей, бір-бірімен қатар қолданылды. Ауызекі тілге негізделіп жасалған иероглиф жазуы да қолданыстан шыққан жоқ. Өзге ауызекі тілдер сияқты, мысыр ауызекі тілі де көптеген өзгеріске ұшырады. Бірақ иероглифтік жазу жүйесіне ол еш әсер еткен жоқ. Тілдің жазба және ауызекі түрі арасындағы мұндай айырмашылықтар – барлық елдерге тән жиі кездесетін жағдай, бірақ Мысырда ол қатты білінді.

Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларының дәстүрлі жазуды қолданатын бітікшілері ауызекі тілді жазба тілге аударатын күрделі тәсілді игеріп қана қоймай, өз заманынан бірнеше мың жыл бұрынғы тілді де білуі керек болды. Әйтпесе олар сөздің дұрыс, дәстүрлі түрде жазылуын қалпына келтіре  алмас еді. Иероглифтерді игеру бастапқы кезеңнің өзінде қиын болған, ал кейінгі кезеңдерде тіпті күрделеніп кетті. Иероглиф мәтіндерді оқу қазіргі мысыртанушыларға қалай қиын болса, біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларындағы бітікшілерге де солай қиынға соқты.      

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 215 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: