11:42
Тіл тарихы

ҮНДІЕУРОПА ТОБЫНДАҒЫ ТІЛДЕР

Егіншілік пен мал ұстау адамдардың өмірін қатты өзгертті. Жұрт отырықшы болды, көршілесіп топталатындар саны артты. Топтар іріленіп, ұйымдасып, қатаңдана түсті. Осылардың біразы белгілі бір тілдер мен тіл топтарының өзгелердің есебінен тарауында шешуші рөл атқарды.

Егіншілік пен мал бағу әсер еткен Таяу Шығысқа назар аударсақ. Ауыл шаруашылығы қазіргі Ирак, Түркия, Сирия және Израиль аумағында пайда болды, бұл жерлер «Құнарлы жарты ай» деген атаумен де белгілі. Адам өмір сүру дағдысының өзгеруі үндіеуропа тілдерінің таралуына қалай әсер еткенін түсіндіруге тырысқан белгілі екі тұжырым бар.

Біріншісі соғыстар мен басқыншылықтың төңірегіне шоғырланған. Біраз археологтер үндіеуропалықтарды Қара теңіздіңсолтүстігіндегі шағын аймақтан шығып, бүкіл Еуропа мен Азияның жартысына билік жүргізген жауынгер ретінде таниды. Бұл бес мың жылдай бұрын басталып, қысқа ғана мерзім ішінде іске асты. Олардың жолында кездескен халықтар ана тілдерін ұмытып, басқыншылардың тіліне ауысты.

Бұл, әрине, оқиға осылай өрбуі мүмкін деген жорамал ғана, тарихтан осыған ұқсас оқиғаларды кездестіруге болады. Рим билігі осылай бірнеше жүз жыл кеңейген. Одан бөлек, б.з.д. VII-VIII ғасырларда мұсылмандар Солтүстік Африка мен Азияның оңтүстік-батысын жауалп алған, ал бірнеше ғасырдан кейін осы жерлердің басым бөлігі араб тілін ана тілі ретінде таныды.

Бірақ бес мың жыл бұрын болуы мүмкін параллель іс жүзінде соншалықты жақын емес. Римдіктер мен арабтардың мектептері, жазуы, ресми тілді қолданатын әлеуетті мемлекеті болды. Мұның бәрі тілдің пайдасына қызмет етеді. Ал мұндай мүмкіндігі жоқ ғұндардың еділі (Аттиласы) немесе моңғолдардың Шыңғыс ханы сияқты басқыншылар өз тілін тарата алмады. Ал үндіеуропалықтардың мектебі де, мемлекеттік бюрократиялық аппараты да, жазуы да болған жоқ. Сонда олардың тілі қалайша соншалық үлкен аумақта тұратын көп халық арасында сондай қысқа уақыттың ішінде өте табысты болды? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес, сондықтан өзге де тұжырымдарды қарастырайық.

Бұдан біз екінші және негізгі көзқарасқа келеміз. Ол бойынша шешуші фактор – басқыншылық емес, егіншілік. Археологиялық қазбалар жаңа технологияның Таяу Шығыстан шығып, жайлап Оңтүстік-Шығыс Еуропаға тарап, одан Оңтүстік-Батысына жетіп, бірнеше мың жылдан кейін Солтүстік Еуропаға жеткенін көрсетеді. Бұрын айтқанымыздай, технологиядағы прогресс халық санының айтарлықтай өсуіне алып келді. Ауыл шаруашылығымен айналысқан адамдар үндіеуропа тілдерінде сөйлеген алғашқы адамдар болса керек. Толассыз өзгеру процесінің себебінен ол көп кешікпей басқа тілдерге айналып кетті.

Мұны соғыс пен басқыншылықтан көрудің еш қажеті жоқ. Сан жағынан басым, өндіріс әдісі жаңадан келгендер саны аз терімшіліре мен аңшыларды ығыстырып жіберді. Жер әдетте соғыс арқылы алынған жоқ. Фермерлердің балалары әке-шешесіне жақын орналасқан жерлерді игеріп, ауыл шаруашылығының ауқымын кеңейте түсті.

Бұл бір тіл тобының қалай мұншама үлкен кеңістікке тарағанын жақсы түсіндіреді. Көңілге жағымды сөз. соған қарамастан, мұны тілдердің таралуына байланысты кейбір деректер хронологиясымен байланыстыру қиынға соғады. Археологтер мен тарихшы-лингвистер арасында бұл сұрақтар төңірегінде үнемі қызу тартыс болып тұрады.

Қалай болғанда да, үндіеуропа тілдерінің кеңінен таралуы шамамен соңғы он мың жылда жүрген болуы керек. Ал басқа үлкен тіл топтары қалай пайда болды?

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 211 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: