17:39
Тіл тарихы

ГЕРМАН, СЛАВЯН және РОМАН ТІЛДЕРІ

Ежелгі ағылшын, ежелгі неміс және ежелгі норвег тілдерін салыстырсақ, ол тілдердің қазіргі заманғы нұсқаларына қарағанда, бір-біріне ұқсас екенін оңай байқауға болады. Мысал ретінде бірнеше сөзді көрсетейік.

Ағылшын тілі: birds / way / go

Неміс тілі: Vőgel / Weg / gehen

Швед тілі: fȧglar / vȁg / gȧ

Ежелгі ағылшын тілі: fugelas / weg / gan

Ежелгі жоғарғы неміс: fugala / uueg / gangan

Бұл мәліметтерден ежелгі тілдерде сөздердің пішіні бір-біріне жақынырақ болғанын көреміз. Ауызекі тілдің ұқсастығы соншалық – Англия және Скандинавия халықтары бір-бірін тәп-тәуір түсінетін-ді.

Ол кезде, 12 мың жыл бұрын Батыс және Солтүстік Еуропа тілдері бір-біріне қазіргіден анағұрлым ұқсас еді. Тарихшы-лингвистердің көбі және тарихшылар: «Егер бір мың жыл бұрынғы тілдік жағдайдың бұлтартпас дәлелдерін алу мүмкін болса, ол бұл аймақтың протогерман тілінде сөйлегенін көрсетер еді», - дейді.

Бұл дұрыс та болар. Дегенмен заңды сұрақ туындайды: Сонда мұндай үлкен аймақта қай тіл қолданылған?

Көптеген еуропалық тілдер үш негізгі топтың біріне тиесілі. Шығыс және оңтүстік-шығыс герман тілдері, славян тілдері бар. Олардың арасындағы ең үлкені – орыс, украин, поляк, белорус, чех, серб-хорват, болгар тілдері және көптеген ұсақ тілдер. Жалпы алғанда, бұлар бір-біріне герман тілдерінен анағұлым ұқсас. Жазбаша мәтінге қарасақ, басқа әсерде боламыз, өйткені орыс тілі сияқты кейбір тілдер кириллицамен жазады, бірақ поляк және чех сияқты тілдер латын қарпін пайдаланады. Дегенмен орыс сөздерінің транскрипциясын жазсақ, көп сөздің айнымай ұқсайтынын көреміз. Әсіресе «нан» және «күн» деген ұғымды білдіретін сөздер.

                    ‘bread’ ‘sun’

Орыс тілі: hleb / solnche

Поляк тілі: chleb / sloṅce

Чех тілі:   chléb / slunce

Орыстың «хлеб» сөзіндегі бірінші дыбыс – шотландтың «лох» (loch) сөзіндегі сияқты тіларты фрикативі – х (сһ). Бұл поляк және чех сөздеріндегі дыбыстарға ұқсас.

Славян тілдерінде жазылған ежелгі кітаптар да бар, олардың бірі – шіркеулік славян тілінде жазылған діни кітаптар. Олар ІХ ғасырдан бастап шыға бастаған. Барлық славян тілдері бір протославян тілінен бастау алады деп есептеледі. Ал герман тілдері протогерманнан шыққан. Протославян тілінде екі мың жылдай бұрын сөйлесе керек.

                         ‘bread’ ‘sun’

Француз тілі: pain / fils

Испан тілі:    pan / hijo

Итальян тілі: pane / figlio

Португал тілі: pão / filho

Еуропалық тілдердің үшінші үлкен тобы, негізінен, Оңтүстік және Батыс Еуропа роман тілдерінен тұрады. Олардың ішіндегі маңыздысы – француз, испан, итальян және португал тілдері. Осы тілдердегі «нан» және «ұл» сөздері жоғарыдағы мәліметте көрсетілген.

Төрт тілдегі сөздердің ұқсастығы сонша – олардың шығу тегінің бір екені айқын көрініп тұр. Жорамал айтудың еш қажеті жоқ. Бұл тілдерде жазылған ежелгі кітаптар көп, біз олардың шығу тарихын жақсы білеміз. Олардың бәрі Еуропаның қазір роман тілдерінде сөйлейтін бөігінен өрбіді. Ол жақта 2000 жыл бұрын адамдар латын тілінде сөйлеген және жазған.

Осыншама үлкен аумақтың неліктен бір тілді қолданғаны бәрімізге аян.

Біріншіден, б.з.д. 700-600 жылдары латын тілінде тек Римже және оның маңындағы қалаларда ғана сөйледі. Бірақ римдіктер өз ықпалын бірте-бірте кеңейтіп, б.з.д. 100 жылдарда Батыс Еуропа мен Жерорта теңізі аймағын биледі. Бірнеше ғасырдан кейін олардың империясы ыдырап кетті, бірақ латын тілі рим империясының батыс бөлігіндегі тұрғындардың ана тіліне айналды.

Сонда герман тайпалары мен славяндар да үлкен империяларды билеген бе? Әрине, олай емес. Тіпті оларда ол кезде мемлекет те болған жоқ. Болғанын дәлелдейтін еш тарихи және археологиялық дәлел де жоқ. Рим әмірлігінің лингвистикалық мәні де бірегей. Славян және герман тілдері қандай да бір басқа жолмен тараса керек.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 226 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: